Page 491 - indexf
P. 491

лион есе аз. Үшінші кезеңнің барлық диспергенттері биожайылуға ұшырайды.
Соңғы кезде диспергенттердің жасанды араластырмай-ақ диспергирленетін
қасиетті және жоғары биожайылуға қабілетті жаңа тобын ойластыруда.

     Теңіз бетіндегі мұнайды жинау үшін диспергенттен өзге, судан мұнайды
жұту қасиетіне негізделген әртүрлі материалдарды қолдану әдісін де пайдала-
нады. Осы мақсатта сорбенттер қолданылады, яғни оларға олеофилді қасиет
беру үшін арнайы өңделген заттар. Сорбенттерді қолдану үш сатыда орында-
лады. Біріншісінде, мұнаймен ластанған бетке сорбент шашыратылады, сосын
сорбент бөлшектерін мұнаймен шылау мақсатында сумен араластыру үдерісі
орындалады, кейіннен қаныққан сорбенттерді жинастырып, теңіз бетінен
алып тастайды. Қалғитын сорбент ретінде көптеген табиғи және жасанды ма-
териалдар қолданылады. Жасанды сорбенттер әдетте синтетикалық материал-
дардан жасалады да түйіршік, таяқша немесе полотнии түрінде шығарылады.
Табиғи сорбенттерге қарағанда мұның басымдылығы регенерациядан соң
қайта қолдану мүмкіншілігі бар. Тиімді жасанды сорбенттер ретінде полиуре-
танды көбік пен полипропиленді полотно танылған. Соңғы кезде перлит пен
вермикулит негізінде және полиэтиленді өндіріс қалдықтарының негізінде
жасалған сорбенттердің жаңа түрі жасалуда. Мұнайға қаныққан сорбенттерді
жинау әртүрлі мұнайжинағыш қондырғылардың көмегімен жүзеге асырыла-
ды, сонымен қатар ластанған бетті тазалаудың жоғарғы темпіне жетіп отыр.	
Мұнаймен ластанғандағы күрестің бір тәсілі олеофилді гидрофобты ұнтақтың
немесе қатысты тығыздығы жоғары түйіршіктің көмегімен мұнайды теңіз
түбіне тұндыру болып табылады. Мұндай тәсілді терең суларда, балық аулау
аймағынан алшақ орындарда. Яғни суасты әлеміне әкелетін зияндылығы аз
болатын аймақтарда қолданылу ұсынылады. Олеофилді ұнтақпен өңдегенде
мұнайдағы диспергирленеді де, сорбенттің қатты бөлшектерін жабады. Егер
қатты бөлшектің массасы өзін жамылған мұнайдың қалғығыш қасиетінен аса-
тын болса, ол түбіне түседі. Мұнайды тұндырғыш заттардың арасында әсері мол
болып саналатын ұнтақ бор, құм, ұсақталған кокс, портландцемент, кірпіш шаңы,
күл, топырақ шаңы, сөндірілген әк, бөлшектелген тас, вермикулит ұсынылады.
Олеофилді және гидрофилді қасиет беру үшін оларды стеаринді воскпен немесе
силиконмен өңдейді. Түбіне тұнған сорбенттерді қолдану эмульгирленген мұнай
үлкен қалыңдықтағы дақты түзгенде тиімді болады. Олеофилді-гидрофобты
сорбенттерді түйіршік немесе ұнтақ түрінде шығарады. Тәжірибе жүзінде ұнтақ
тәріздес сорбенттерді қолдану бірқатар мәселелерге соқтығысады. Мұнайды
жоюға арналған ұнтақ мөлшері жеңілдігіне байланысты. Тұндырылатын
мұнайдың мөлшері 50-ден 100%-ға дейін жетеді және мұнаймен жанасуын
жеңілдету үшін оларды араластыру керек. Дегенмен, мұнайды тұндыру теңіз
ортасын толықтай тазалауға мүмкіндік бермейді. Мұнай суға тұнғаннан 1-2
тәуліктен соң кейбір бөлігі ұнтақтан бөлінеді де, су бетіне қалғып шығады, ал
батып кеткен мұнай теңіз түбін ластайды. Нәтижесінде, тұнған мұнай қозғалыс
қабілетіне ие, ол гидродинамикалық фактор әсерінен орын ауыстырып, теңіз

         491

МАЗМ¦НЫ
   486   487   488   489   490   491   492   493   494   495   496