Page 511 - indexf
P. 511

19-тарау
Теңіз қондырғыларын коррозиядан қорғау

19.1 Континенталды қайраңда гидротехникалық қондырғыларын
                               коррозиядан қорғау

     Агрессивті теңіз ортасында континенталды қайраңда гидротехникалық
қондырғылары ауыр жағдайларда пайдаланылады. Қайраңдағы қондырғылар
саны күннен күнге өсіп бара жатыр, қазір әлем бойынша 5000-ға жуық
стационарлық құрылғылар игерілуде. Каспий теңізі акваториясында 350-ге
жуық эстакада, бірнеше жүздеген платформалар, эстакадалық алаңдар, 25
мыңнан астам км жер асты құбырлары салынған. Аталған барлық құрылғылар
интенсивті коррозияға ұшырайды, жұмыс істеу уақыты бойынша сенімді пайда-
лану үшін антикоррозиялық қорғау жұмыстарын жүргізу керек.

     Кең практика бойынша қайраңда құрылғыларды жүргізу кезінде жыл сайын
коорозиядан бұзылу кезінде 50 млрд доллар шығын алып келеді. 1 м³ өндірілетін
мұнайда коррозиядан шығын 3-тен 3,76 долларға дейін жетеді.

     Континенталды қайраң құрылғысының коррозиясымен күрес ең маңызды
мәселе және оны жобалау кезінде көп көңіл бөліну керек.

     Континенталды қайраңда гидротехникалық құрылғылар үшін коррозиялық
бүлінудің төрт аумағы көрсетілген:

     -	 теңіз атмосферасы аумағы;
     -	 периодты түрде сулау аумағы;
     -	 су асты аумағы;
     -	 құрылғылардың және теңіз түптік грунтымен әрекеттесу аумағы.
     Теңіз атмосферасында коррозия интенсивтілігін метерологиялық фак-
торлармен пайдалану шарттармен және бүтіндей алғандағы конструктивті
ерекшеліктерімен анықталады, температура мен ауа ылғалдығына көп мән
беріледі. Әртүрлі аудандағы қорғалмаған болаттар үшін коррозия орташа
жылдамдығының биіктігі 19.1-кестеде көрсетілген.

                                                                                         19.1-кесте
             Қорғалмаған болаттар үшін коррозия орташа жылдамдығы

Металл конструкциясының орналасу       Болат коррозиясының орташа
                   аумағы                  жылдамдығы, мм/жыл

Атмосфералық                      0,02-0,2

Периодты түрде сулау              0,2-0,5 /0,9 макс/
Су асты                           0,05-0.2 /0,8 макс/ ( тереңдік үлкейгенде
Түптік грунт                      жылдамдық азаяды)
                                  0,02-0,2

                                  511

              МАЗМ¦НЫ
   506   507   508   509   510   511   512   513   514   515   516