Page 509 - indexf
P. 509

нәтижелері 10-кестеде келтірілген. Зерттеулер МЕСТ 17.1.08-82 және 17.1.5.01-
80 сәйкес жүргізіледі. 2007 жылы сынамалар алу кезінде дауыл тұрған. Суда
көмірсутектердің құрамы бақыланған еді.

                                                                                      18.10-кесте.
Каспий теңізі суы мен теңіз грунтында (мг/кг) мұнай көмірсутектерінің құрамы

  Бақылау   Координаталар        Жылдар бойынша МК-нің құрамы
  станция-
  ларының                  2005          2006          2007
  номері №
4           С.е.  Ш.б.     Суда  Грунт-  Суда  Грунт-  Суда    Грунт-
                                   та            та              та

            46º25´ 52º15´ 0,02 0,02 0,03 0,09 0,19 0,03

9 46º00´ 52º15´ 0,02 0,02 0,01 0,08 0,17 0,05

     18.10-кестеден көріп отырғанымыздай, грунттағы МК-рі жиналып, 1997
жылы дауылдан кейін су шайқалып, МК-рі түптен беттік қабатқа көшіп, олардың
судағы концентрациясы бірнеше ПДК-ға (0,008мг/л) дейін жеткен.

     Бұл нәтижелер Солтүстік Каспий түбінің беттік суларды көмірсутектермен
екінші реттік ластау көзі екенін көрсетеді.

         18.13 Теңізде мұнай-газ өндіретін кәсіпорындарында еңбекті
                                              қорғау

     Мұнай, газ өндіретін кәсіпорында еңбекті қорғау тапсырмасына өндірістік
қауіпті және кәсіптік зиянды анықтау, әлсіздендіру және жою, өзіндік қатерлі
жағдайдың және жұмыскерлердің кәсіптік ауруларының себебін жою, еңбек
жағдайын сауықтандыру, апат, жарылыс, өрттерді ескерту, табиғатты қорғау,
көршілес тұрғын пунктті және кәсіпорынды жағымсыз әрі қауіпті әсерден
қорғау болып табылады.

     Технологиялық тізбекте апат болған кезде қауіпсіздік жүйесі барлық
технологиялық үдерісті немесе оның жартысын тоқтату тиіс. Өрт кезінде
қауіпсіздік жүйесі барлық қондырғының және өрт сөндіру жұмысынан басқа
кез келген түрдегі жұмыстардың тоқтатылуын қамтамасыз етуі керек. Мұндай
жағдайлар табиғи құбылыстармен, кемемен соқтығысудан, жабдықтың
ақауынан, сонымен қатар қызмет көрсетуші персоналдың қателігінен болуы
мүмкін. Теңіз платформаларын жобалау кезінде технологиялық жабдықтың
сенімді жұмысын қамтамасыз ету үшін:

  	технологиялық жабдықты таңдаудың негізгі критериі жұмыстың
      қауіпсіздігін қамтамасыз ету және табиғат қорғау шараларының орындалу
      мүмкіндігі;

                                 509

            МАЗМ¦НЫ
   504   505   506   507   508   509   510   511   512   513   514