Page 507 - indexf
P. 507

1997 жылы Каспийдің солтүстік-шығысындағы теңіз суында 1996 жыл-
мен салыстырғанда мұнай өнімдері, нитраттар, нитреттер, фенол, қорғасын,
цинк және т.б. ауыр металдардың құрамы азайған. Мұнай өнімдері бойынша
нормативті деңгейлердің жоғарылауы, Тенгиз және Мартыши мұнай кен орын-
дары аймақтағы теңіз суында байқалған.

     Облыстың өсімдік және жануарлар әлеміне, су ресурстарына жағымсыз
әсер ететін топырақ ластаушы көздеріне, лас сулар мен өнеркәсіптік қалдықтар
жатады.

     2008 жылдың көрсеткіштері бойынша тасталатын судың потенциалды
көлемі – 246,3млн.м.куб., лас сулардың құрамында мыналар бар (мың тонна):
мұнай өнімдері – 258,11; хлоридтер – 23245,2; сульфаттар – 14563,9;

     Нейтриттер – 21,32; нейтраттар – 354,2; темір – 42,1; фенол – 14,2;
органикалық азот – 212,4; өлшенген – 3650,2;

     Облыс бойынша 20 кәсіпорыннан потенциалды жылдық көлеміндегі 77864,6
тонна қалдық есептеп саналды (мұнай шламдары – 5052,0; токсикалық қатты
заттар – 19500,0; бұрғылау шламы – 2640,0; сазды-гипсты – 32000,0 және т.б.).
Ластаушы кәсіпорындар ішінен ЖШС Тенгизшевройлды ерекше атауға болады,
1998 жылғы қалдықтардың жалпы саны – 40507,0 тонна, оның 19500,0 тоннасы
токсикалық қалдықтар болған.

     Атырау облысының негізгі су көздеріне Орал өзені (су жинаудың 60%) және
Волга дельтасының шығыс жеңдері (Қазақстан шекарасында) жатады.

     Ойыл, Сағыз, Ембі өзендері тек көктем мезгілінде ғана тұрақты сутогы бо-
лады.

     Орал өзенінің ластану құрамындағы хром концентрациясы 1996 жылғымен
салыстырғанда 2007 жылы ол 0,002-ден 0,001 мг/дм.кв-қа дейін төмендеді. 2008
жылы мұнай өнімдері мен фенолдар, Орал өзенінің 3 нүктесінде анықталды –
бұл Индер және Махамбет қалашықтары мен Атырау қаласының шектері бо-
лып отыр. Фенолдар бойынша ПДК-ның жоғарылауы Индер қалашығында
байқалған – 1,1 ПДК (11,0 мкг/л мұнай өнімдері бойынша – Атырау қаласындағы
мөлшерден асу 10 ПДК (0,5 мкг/л) құрады, ал Махамбет қалашығында ол
көрсеткіш – 5,6 ПДК ( 0,28 мкг/л ), Индер қаласында – 3 есе ( 0,15мкг/л) құрады.

     Сулардың ең басты ластану көзі бұл – АҚ АМӨЗ мұнай өңдеу зауыты, мұнай
база және манистралды құбырлардың мұнай айдау станциялары. Олар, ПДК-
ны бірнеше есе асып түсетін құрамдағы фенол, мұнай өнімдері, мыс, марганец,
хром, цинкпен суды ластайды. Сонымен бірге, булану егістігіне бөлінген және
барлық көрсеткіштер бойынша ластанған лас сулар, жер асты сулар жағдайына
әсер етеді. Өйткені инфильтрация есебінен ластаушылар грунт суларына
өтіп кетеді. Шаруашылық тұрмыстық мақсаттарда қолданатын су пункттерін
гидрохимиялық тексеру кезінде, олардың бірқатарында таллий, қорғасын, кад-
мий, бром, нитраттар, хлоридтер, сульфаттардың ПДК-сы артқаны анықталды.

         507

МАЗМ¦НЫ
   502   503   504   505   506   507   508   509   510   511   512