Page 512 - indexf
P. 512

Ең көп қауіпті өтпелі жуу кезінде тұрған тіреу бөлігінің элементтердің
коррозиялық бұзылуы болып табылады. Коррозияның ең көп жылдамдығы
жоғарғы температура және ең төмен қатысты ылғалдылық кезінде бақыланады.

     Өтпелі жуу кезінде шекара осы аумақ ішіндегі теңіз тереңдігінен және
толқын режиміне қатысты екені және аумақ ішіндегі коррозия интенсивтігі
әртүрлі екені орнатылған. Коррозия интенсивтілігі жел бағытына қатысты,
күн түсуінің интенсивтілігі және басқа факторлар қатарының берілуінің
әртүрлілігінен тәуелді.

     Коррозия көзімен қарағанда пісірілген тігістер және оларға енгізілген аумақ
ең қауіпті болып табылады. Егер атмосферада коррозия жылдамдығы пісірілген
тігістер және оларға енгізілген аумақта негізгі металмен бірдей болса, онда пе-
риодты сулау ауданында олар жоғары болады.

     Гидротехникалық құрылғыны қорғау әдістері континенталды қайраңда кор-
розия аумағы және әртүрлі тұрғызылған және тұрғызылып жатқан құрылым
арқылы дифференцияланады. Коррозия дамуының әртүрлі әдістері теңіздегі
құрылымдарда бір универсалды қорғау және кешенді қорғауды өндіру және
жүйеге асыру арқылы қорғауды керек етеді. Ең алдымен коррозиядан қорғау
қажеттілігі өндірісті құру кезінде ескерілу керек. Бұл үшін интенсивті корро-
зия алаңында элементтер мөлшерін минималға дейін азайту керек, яғни сулау
ауданында. Конструктивті элемент түрін таңдағанда коррозионды берік болып
коробкалық және бұрыштық типте екенін ескеру қажет. Интенсивті коррозия
терең шұңқырларда, тесіктерде және қиын қол жететін қабаттарда пайда бола-
ды. Бұл жерлерде бұрыштардың бұзылуына және антикоррозиялық өңдеудің
өтуін қиындататын конденсация ылғалдығы мен коррозия өнімдерінің жиналуы
жүзеге асады.

     Арнайы маркалы болатты қолдану коррозия жылдамдығының азаюына
және олармен күресуді азайтуға алып келеді. Кейбір жағдайларда элементтердің
қиылысуын таңдау кезінде коррозияға қор есепке алынады.

     Антикоррозиялық қорғау пассивті және активті болып бөлінеді. Пассивті
қорғауға металл бетіне әртүрлі бейметалл және металл қабаттарын жағу жатады.
Активті әдіс болып электрохимиялық қорғау, теңіз коррозиясы электрохимиялық
үдеріс болып табылатын болғандықтан жатады. Коррозиялық бұзылыстан
қорғауға қажетті қабықтарға өз қажеттіліктері бар. Олар мұнай және оның
өнімдерінің өндірісінде, ұңғыны қазуда қолданылатын қазу сұйықтарында
жоғары сынауда тұрақты және көпжылдық, қатты болулары керек. Олар ауаның
жоғарғы ылғалдығында және қорғаушы элементтің бетінде су қабығы болғанда
болат бетімен жақсы адгезияда болулары керек және механикалық беріктігі
мықты, алдын ала металл бетінің дайындығы кезінде аз сезімталдыққа ие бо-
лулары керек. Қабықты жаққан кезде жұмыс механизациясының ең жоғарғы
баспалдығын қамту керек және қабықтың сапалылығын тексеретін мүмкіндік
болу керек. Әрдайым, әсіресе соңғы жылдары қорғаушы қабықтардың және

         512

МАЗМ¦НЫ
   507   508   509   510   511   512   513   514   515   516   517