Page 514 - indexf
P. 514

ауданды қорғайтындықтан үнемсіз болатынын айта кеткен жөн. Бұл жағдайда
электрохимиялық қорғауға қосымша әртүрлі қорғау жабуларын қолданады.

19.1-сурет. Құрылғыны катодты қорғау сұлбасы

       19.2 Гидротехникалық құрылымдарының коррозиясына қарсы
                                               күрес

     Қазіргі таңдағы барлық теңіз айлақтары көміртегілі және төмен қоспаланған
(легірленген) болаттардан, металқұрылымдарды қолданумен жасалынған,
олардың көп бөлігі металды сына негізге ие. Болаттың темірбетондардан
артықшылығы беріктілік және технологиялық көрсеткіштері басым келеді.
Металл қадалы негізі айлақтарға түсетін технологиялық жүктемелерді артты-
ру мүмкіндігін береді. Мұндай қуатты сына қағылған жабдықтарды пайдалану
кезінде темірбетонды сына негіздерді теңіз гидротехникалық құрылымдарынан
(ТГҚ) шығарып тастады.

     Көміртексіздендірілген және төмен қоспаланған болаттардан металл
сыналық негіздерді жасауды жобалауда болжамданған қызмет ету мерзімін
бағалау үшін көптеген факторларды ескеру қажет, олардың қатарына коррозия
жылдамдығы, тозу және механикалық жүктемелердің әсері. Теңіз шарттарында
пайдаланылатын көміртексіздендірілген және төмен қоспаланған болаттардың
коррозиялық бұзылулары, коррозия түрлері және олармен күрес бұрыннан
зерттеліп келе жатыр. Пайдалану жағдайларына байланысты коррозиялық
үдерістердің жылдамдығы және көміртексіздендірілген және төмен қоспаланған
болаттардың коррозиялық бұзылу сипаттары кең ширекте өзгеріп отырады,
сондықтан да олардың төзімділіктерін нақты бір шартты нақты аймақтарға
қатысты қарастыру қажет. Бұл аймақтар: атмосфера, шашырату аймағы, ауыс-
палы сулау аймағы, толық бату аймағы және түптік грунтқа бату аймағы.

         514

МАЗМ¦НЫ
   509   510   511   512   513   514   515   516   517   518   519