Page 506 - indexf
P. 506

Графиктен көріп отырғанымыздай, H2S-тің жоғары концентрациясы мамыр
айында тіркелген екен. Жылдың бұл мезгілінде дауыл әсерінен айдау үдерісі
жүреді. Су жағалық аймақты бірнеше ондаған километрге дейін суалып, ал да-
уыл біткен соң, су кейін қайтады. Грунтта микроағзалар қалып, күн энергиясы
әсерінен шіріп, ауада күкіртті сутек жиналады.

     Пешный қалашығының 1999 жылдың мамыр айының жергілікті уақыт бой-
ынша 1300 сағатта алынған H2S концентрациясы өзгерісінің динамикасы.

     Казгидромет мәліметі бойынша, 1999 жылғы айдау құбылысы 8-9 мамырда
тіркелген. Ал ауа температурасы 25 мамырдан бастап, 200С-ден жоғарылаған.
Осыған сәйкес, 1 ПДК-дан жоғары концентрациялар, 27 мамырдан бастап
анықталған күкіртті сутектің осындай жоғары концентрациялары, тынық ауа
райында да желдің кез келген бағытындағы ауа райында, шілденің басында
байқалған еді.

     Каспий теңізі сияқты тұйық суқоймалардың суортасының ластану жағдайы,
өзен ағысымен келетін ластаушы заттар әсерінен ағысты және коллекторлы
қалдық сулар әсерінен атмосфера сутүптік шөгінділер жүйесіндегі массаны
көшіру үдерісі нәтижесінде, сондай-ақ теңіздік мұнай-газ кен орындарын бар-
лау кезінде құрылады.

     Тұщы және теңіздік суқоймалар үшін негізгі қауіптік өнеркәсіптік ағындар
әкеледі. Теңіз акваториясының негізгі ластаушыларына мұнайды өндіру, та-
сымалдау, өңдеу мен әртүрлі мұнай өнімдерін пайдалану кезінде бөлінетін
органикалық заттары, апаттармен, акваториялармен байланысты ластаушылары
жатады. Осылайша, қоршаған орта үнемі күшейіп отыратын антропогендік әсер
жағдайында болып жаңа, оның ішінде теңіздік мұнай-газ кен орындарын игеру,
табиғи сулар сапасының нашарлауы мен ластануы мәселесі көкейкестілердің
ішінен орын алады.

     Каспий теңізі экожүйесінің жағдайын оқып білуін кешенді түрде бастау
керек. Себебі, бұл табиғи (климаттық, гидрологиялық) немесе антропогендік
(мұнайды өндіру, тасымалдау, теңіз құрылыстары) факторлар әсерінен болып
жатқан қазіргі кездегі өзгерістерді тек атап қана қоймай, шаруашылық іс-әрекет
әсерін де болжамдай алды. Каспий деңгейінің өзгерісі мен теңіз ортасының
антропогенді ластануы әсерінен, мүмкін салдарларға байланысты: су, экожүйе
жағдайының өзгеру заңдылығын білу, суқойма ішіндегі өздігінен тазару қабілеті
мен оның биологиялық бүтіндігін анықтайтын едәуір маңызды үдерістерін
айқындау, ластаушы заттар трансформациясының негізгі механизмдерін
анықтап, табиғи суортасының өздігінен ластану мен өздігінен тазару жолдарын
анықтау керек.

     Каспий теңізінің солтүстік бөлігі теңіз суының ластаушы заттарын былай
бөлуге болады: фенолдар, ауыр металдар (сынап, кадмий және т.б.), мұнай және
полиароматты көмірсутектер.

         506

МАЗМ¦НЫ
   501   502   503   504   505   506   507   508   509   510   511