Page 508 - indexf
P. 508

Каспий теңізі су экожүйесінің мұнаймен, мұнай өнімдерімен және фенол-
дармен ластануы туралы кейбір деректерді келтірейік.

     Мұнайды өндіру мен тасымалдау кезінде, сондай-ақ теңіз және балық ау-
лау флотының кемелерінен теңіз ластанып, теңіз ортасына келіп түсетін жыл
сайынғы мұнай көмірсутектердің мөлшері 150 мың тоннаға жетеді. 1980-1990
жылдар аралығындағы кезеңде теңіз суындағы мұнай өнімдерінің құрамы
біршама тұрақталды да 0,10-0,11 м.кв/л деңгейді құрады. Мұнаймен ласта-
ну деңгейінің соншама көп болмауы, мұнай мен мұнай өнімдерінің сырттан
келіп тұру мен Каспий теңізі сулы ортасының суқоймаішілік өздігінен тазару
үдерісінің белсенділігі арасындағы динамикалық тепе-теңдік салдарынан бо-
лып тұр. Ауыртпалық артқан сайын, судағы мұнай өнімдерінің концентрациясы
да көбейеді. Каспий теңізі суы құрамында: мұнай өнімдерінің жалпы мөлшері
қазірдің өзінде 8000 мың тоннаны құрайды. Каспий теңізінде көмірсутектердің
табиғи көздері – суасты балшықты вулкандар ашылуда.

     Каспий теңізінің жағалауындағы суларында мұнай көмірсутектердің кон-
центрациясы теңіздің ашық бөлігімен салыстырғанда жоғары болады. Бұл
жоғары көрсеткіштер Каспийдің шығыс жағалауының мұнай өндіруші аудан-
дарында ерекше көзге түскен (0,30-0,50 мг/л). Солтүстік Каспийдің Волга мен
Орал өзендерінің сағалық мұнай өнімдерімен ластанған (0,20-0,30 мг/л). Лас
сулар немесе апатты тасталымдармен жергілікті ластануға байланысты макси-
малды концентрациялар барлық жерде 1,0-5,0 мг/л шегінде болады.

     Теңіз деңгейі көтерілумен байланысты – ластанудың жаңа, әрі күрделі түрін
атап өту қажет. Сонда да су астында қалған кен орындары Каспий теңізінің
қазақстандық бөлігінде орналасқан. (Шығыс Көкарна, прибрежное, Пустынное).
Бар дамбылар арқылы фильтрацияланған теңіз суы кейбір кен орындарды (Мар-
тыши, Корсак, Прорва, Тереңөзек), тіпті су астында қалдырды. Бұл аймақтың
кейбір жеріндегі мұнай өнімдерінің концентрациясы 100 ПДК-ға дейін жетеді.

     Табиғи суда көп таралған ластаушылардың бірі – фенол және оның туын-
дылары. Каспий теңізі суын сапаға тексеру нәтижесі, олардың фенолдармен
ластану деңгейінің жоғары екенін көрсетіп отыр. Бірақ өзен ағыны мен ағын
сулармен келіп түсетін фенолдар, сәйкесінше 1,5 және 0,2 мың тонна/жылына
дегенді көрсетеді. Бұл көрсеткіш 2,0 мың тоннаға өссе де және фенолдардың
беттік қабаттағы жиналу қалыңдығы 0-10 м болса да, олардың жалпы құрамы
0,6 мкг/л-ден аспау қажет. Бірақ концентрацияның орташа жылдық мәні теңіздің
ашық бөлігінде 4-7 есе, жағалық аудандарда 8-15 есе көп болады.

     Теңіз суында фенолдар жиналмайтын көрінеді. Себебі, оның құрамы жыл
сайынғы наурыздан шілдеге дейін аналитикалық нөлге дейін азаяды. Осылай-
ша, теңіз суындағы фенолдардың тегі автономды келеді де, өздері фитопланктон
– өмір сүруі мен өлу үдерісі кезінде түзілгенге ұқсайды.

     Алғашқы теңіздік бұрғылау қондырғысы салынады деп болжамдаған жер-
ден 46º25´ с.е., 52º15´ ш.б. түптік шөгінділер мен су сынамаларын зерттеу

         508

МАЗМ¦НЫ
   503   504   505   506   507   508   509   510   511   512   513