Page 518 - indexf
P. 518

нәтижесінде болатын электрокоррозия жағдайында коррозиялық бұзылуылар 5
мм/жыл жылдамдықпен дамуы мүмкін. Қатып қалған порттарда пайдаланыла-
тын гидротехникалық құрылымдарда, яғни бояулық лакты жабындалулар жыл-
дам бұзылатын және бұзылуылар эрозиялы-коррозиялық сипатты орындарда
коррозия жылдамдығының (0,5 мм/жыл) артуы орын алады.

     Ауыспалы сулану және су асты зонасындағы металқұрылымдар теңіз суының
әсер етуіне ұшырайды, бірақ коррозия сипатына әсер ететін спецификалық
айырмашылықтары болады:

     -	 теңіз суының және атмосфераның қайталама-кезеңдік әсер етуі, яғни
          оттегі бойынша диффузиялық шектеулердің болмауы;

     -	 арқандап байлау кезіндегі бояулық лакты жабындардың механикалық
          бұзылулары. Ауыспалы сулану аймағындағы коррозияның орташа
          жылдамдығы су асты аймағымен салыстырғанда біршама үлкен (0,05-
          0,20 мм/жыл), ал жаралы коррозияның ең жоғарғы жылдамдығы 1 мм/
          жыл құрайды.

     Ауыспалы сулану аймағы ауданындағы қорғаныс құралдары ретінде бояу-
лық лакты жабындар қолданылады, оларға келесідей қосымша талаптар қойыла-
ды: теңіз суларындағы, атмосферадағы тұрақтылығы және жоғары абразивтік
тұрақтылық. Теңіз атмосферасының жоғары коррозиялық агрессивтілігіне
қарамастан су үсті құрылымдардың коррозия жылдамдығы оларды тексе-
ру және лакты бояулық жабындарды қалпына келтіру қол жетімділікті болуы
себебінен 0,1 мм/жыл аспайды. Көміртексіздендірілген және төмен қоспалан-
ған болаттардың есептік жылдамдықтары қалқыма бұрғылау құрылғыларын
құрылымдау және бөліну ережелерінде келтірілген: коррозия жылдамдығы
қалқымалы бұрғылау құрылғылары мен теңіз стационарлық қабаттары жағ-
дайында таңдалған болаттардың тозуы туралы мәліметтер бойынша, мұндағы
металл құрылымдары бетіндегі қабыршақтар болуымен, тозуды азайту бойын-
ша қорғаныстық іс-шаралардың оң әсерін ескерусіз қабылданады, қалқымалы
бұрғылау құрылғыларының және теңіз стационарлық қабаттың элементтерінің
есептік коррозия жылдамдықтары 19.2-кестеде келтірілген.

     	
                                                                                         19.2-кесте

                                  Коррозия жылдамдықтары

Құрылымдық элементтің атауы             Коррозияның есептік жылдамдығы,
Бағаналар:                              мм/жыл
	 лонтондармен қосылу ауданында;        0,14
	 ауыспалы ватерлиния деңгейі бойынша;  0,16
	 су үсті бөлігі;                       0,10
	 су асты бөлігі.                       0,12

         518

МАЗМ¦НЫ
   513   514   515   516   517   518   519   520   521   522   523