Page 519 - indexf
P. 519

Жоғарғы корпус:                         0,11
	 ернеу, транцтар;                      0,10
	 іріктегіштер;                         0,13
	 тіректік арқалықтар;                  0,10
	 негізгі қорамқалып;                   0,13

    жоғарғы қорамқалыптың атмосфералық
    жауын-шашын әсеріне ұшырайтын ашық
    аймақтары.

     ГТҚ металл құрылымдарыныңсындық ақауларынаалыпкелетінкоррозиялық
бұзылулардың басты себебі металл бетіндегі жалға алынған қақтардың болуы.
Металдарды қақтардан тазарту металл бетін сырлауға дайындаудың құрамдық
бөлігі болып табылады. Металл құрылымның коррозияға қарсы тәртібінің бір
бөлігін орындамау жоғары коррозиялық агрессивтілік жағдайда пайдаланыла-
тын құрылымның ұзақ мерзімге жарамдылығының төмендеуіне алып келеді,
ГТҚ металдық құрылымдары сенімділікті пайдалану үшін металдарды корро-
зиядан қорғаудың заманауи тәсілдерін қолдану құрылымдау кезінде міндетті
болып саналады.

     Теңіз суы жоғары электрөткізгішті 1-ден 4%-ға дейін тұз құрамынан
тұратын (хлоридтер, натрий, магний, кальций, калий сульфаттары) жақсы
аэрацияланған (8 мг/л О2) бейтарап (рН=7,2-8,6) электролит болып табылады.
Теңіз суында негізінен түрлі маркалы болаттан жасалған бұрғылау айлақ, пир-
стер, құбырөткізгіштер пайдаланылады. Бұл нысандар қарқынды коррозияға
ұшырайды.

     Теңіз суларында металдардың коррозиясына оттектік деполяризация
тән. Мұнда коррозия үдерісі келесідей бөлінеді: металл бетінде катодтық, ал
тотықтар қабыршақтарының сызаттары мен басқа да ақауларында – анодтық
үдеріс жүреді. Бұл металдарда жалпы коррозиядан басқа питтингтік және жара-
лы бұзылулардың болатынын негіздейді. Теңіз суындағы болаттың коррозияға
ұшырау жылдамдығы 0,1-1 мм/г. Теңіз атмосферасындағы коррозия теңіз суы-
мен салыстырғанда біршама әлсіз келеді.

     Теңіз суларындағы металдардың коррозия жылдамдықтарына әсер ететін
факторлар:

     1.	 Теңіз суының қозғалуы оттегінің металл бетіне келуін үдетеді, бұл кор-
          розия жылдамдығының өсуіне алып келеді;

     2.	 Теңіз суы температурасының өзгеруі де әсер етеді. Бұл төмендегідей
          түсіндіріледі: оттектік деполяризациямен жүретін бейтарап ортадағы
          металдардың электрохимиялық коррозиясы оттегі диффузациясына
          тікелей байланысты. Температураның жоғарылауымен бірге оттегіні
          келтіру жылдамдығы да өсе түседі, яғни коррозия жылдамдығының
          артуына алып келеді. Температураның ары қарай жоғарылауында
          ертіндіден оттегі бөлініп, оның ертіндідегі концентрациясы төмендейді,
          бұл коррозия жылдамдығының төмендеуіне алып келеді.

         519

МАЗМ¦НЫ
   514   515   516   517   518   519   520   521   522   523   524