Page 532 - indexf
P. 532

өндірілетін мұнайдың өзіндік құны теңіз кен орындарынын игерудің өзіндік
құнына қарағанда жылдам өсуде. Ғалымдардың есептеулері бойынша, Ресейдегі
суасты және құрлықасты көмірсутектерін өндірудің өзіндік құны 2015-2020
жылдары теңеседі деп болжануда.

     Ресейдің арктикалық теңіздерінің континенталды қайраңдары отын-энерге-
тика ресурстары қорына айтарлықтай бай, оның көлемі 2,9 млн. км2. Бірнеше
миллиондаған тонна көмірсутектердің ресурстары бар ірі зоналық нысандарға:
Солтүстік Гуляв және Печера теңізіндегі Барандей; Штокманов, Баренец
өзеніндегі Лудлов жатады. Көмірсутектердің қорларының болжамдары бо-
йынша, ең нақты зерттелгені және перспективтісі – Батыс Арктика акватория-
сы. Баренц және Печора теңіздерінде 70-тен астам, ал Карск өзенінің оңтүстік
бөлігінде, шамамен 50 мұнай-газ құрылымдары шоғырланған. Көмірсутектердің
көптеген түрі мен әртүрлі құрамы бойынша 15-тен кем емес, мұнай мен газды
жинау аумақтары Баренц теңізді мұнай-газды провинциясында орналасқан, 20-
дан астамы Печерск теңізінде, 13-і Батыс Сібір мега провинциясының Оңтүстік
Карск мұнай-газ алқабында орналасқан. Батыс Арктика бассейндерінде газ ре-
сурстары ондаған трлн. м3, анықталған газ кен орындарының қорлары олардың
шамамен, 50%-ын құрайды, Баренц-Карск қайраңды зонасы 2,3 млн км2 астам
алқапты алып жатыр, соның ішінде Баренцев және Печероск қайраңдары шама-
мен, 1420 км2, ал Карск теңізінің қайраңы шамамен, 890 мың км2. Баренц-Карск
қайраңның максималды ені – 1550-1700 км. Бұл Баренц-Карск қайраңды зонасы
жақсы зерттелген. Мұнда мұнай мен газдың ондаған кен орындары ашылған,
олардың төртеуі: Штокманов (газоконденсатты); Ленинград, Русанов (газды)
және Приразлом (мұнайлы) қорлары бойынша алып кен орындарына жатады.

     Баренц теңізінде ең перспективалы Штокманов газды конденсатты кен
орны болып саналады, ол 1988 жылы ашылған. Ол Жаңа Жер архипелагы
аралдарының жағалауынан батыста 290 км-де және Мурманск портынан 650 км
жерде орналасқан. Мұнда теңіздің тереңдігі 280-360 м. Газдың алдын ала
бағаланған қорлары 3,7 трлн м3, ол өндірістік игеруге дайын деп есептелінуде.
Баренц теңізінде, сонымен қатар Лупинск, Арктикалық, Мурманск, Ахматов
және басқа кен орындары ашылған. Баренц теңіз аумағында тағы да 20 шақты
газ қорлары 12 трлн. м3 кен орындары дәлелденген, олардан жылына 10 млрд. м3
газ өндіруге болады.

     Печора теңізінің ресурстары сұйық көмірсутектерге өте бай. Мұнда При-
разлом мұнай кен орны, Варандей-теңіз және оларға жататын құрылымдар: Ме-
дынск, Солтүстік-Долгин, Алексеевка, Полярная және Паханчевская кен орын-
дары орналасқан. Приразломное кен орны 1989 жылы ашылды. Ол жағадан 65
км қашықтықта жатыр және оның тереңдігі 20 м.

     Батыс Сібір мұнай-газ провинциясының айтарлықтай бөлігі солтүстікте
тереңдігі 30-100 м Карск теңізінің суы астында жатыр. Оның табанында жал-
пы мұнай қоры 37%-дан астам және 45%-дан астам газ қорлары шоғырланған.
Бұл ресурстардың үлкен бөлігі теңіз түбінде 4 км тереңдікте орналасқан және

         532

МАЗМ¦НЫ
   527   528   529   530   531   532   533   534   535   536   537