Page 529 - indexf
P. 529

бастапқы сатысында консорциум күніне 5 млн. тонна мұнай алуды жоспарлау-
да. Бірнеше жылдан кейін бұл көрсеткіш 15 млн. тоннаға дейін жоғарылауы
мүмкін.

     Қашаған кен орнында болған жұмыс аралығында Қазақстанның бюджеті
250 млн. доллар алды. 20013 жылы Қазақстан тағыда 50 млн. доллар бонус ала-
ды деп болжамдалуда. Ал 2016 коммерциялық алу басталатын кезде 150 млн.
доллардан 200 млн. долларға дейін алуы мүмкін.

     20.1.4 «Құрманғазы» жобасы

     Қазақстан Ресеймен бұрынғы «талас аумақ» болып есептелетін Каспий
қайраңдарындағы Құрманғазы құрылымында жүргізілген сейсмикалық зерттеу-
лер нәтижелерінен үлкен үміт күтуде.

     Екі көршілес елге Каспий қайраңында жұмыстарды интенсификациялауға
мүмкіндік беретін позитивті өзгерістер 2002 жылдың 13 мамырында болған.
Қазақстан және Ресей президенттері пайдалы қазбаларды пайдалануға суверенді
құқықты жүзеге асыру мақсатымен Каспийдің солтүстік бөлігінің түбін бөлу
туралы Екіжақты Келісімге арналған Хаттамаға 1998 жылдың 6 шілдесінде қол
қойды.

     Ресей мен Қазақстан арасында пайдалы қазбаларды суверенді
пайдалануға құқықты орнататын хаттама Каспий теңізінің солтүстік бөлігін
модификацияланған орта сызығының географиялық координаттарын бекітті.

     Модификацияланған орта сызықтың бастапқы нүктесі ретінде 46 гра-
дус 13,3 солтүстік ендік және 44 градус 26,4 шығыс бойлық қабылданған. Ал
соңғы нүктесі ретінде 42 градус 33,6 солтүстік ендік және 49 градус 53,3 шығыс
бойлық қабылданған. 2002 жылдың 13 мамырында қол қойылған құжатқа сай
РФ Орталық және Хвалинск құрылымында пайдалы қазбаларды пайдалануға,
ал ҚР Құрманғазы құрылымын пайдалануға құқылы. Егер модификацияланған
орта сызығын кесіп өтетін жаңа құрылым табылса, онда бөлек келісім бойынша
пайдаланылады. Құрманғазы құрылымындағы пайдалы қазбаларды игеру ҚР
заңдылығына сай жүргізілетін хаттамада бекітілген.

     Құрманғазы құрылымында шикізаттарды қолдану ҚР заңдылықтарына
сай жүргізілетіні хаттамада жазылған. Құрманғазы құрылымы үшін шикізатты
қолдану келісімшарты ретінде өнімді бөлу туралы шешім қабылданған.

     Ресурстарды бірігіп игеру үшін жауапты ұйымды бекітеді. Жобада Қазақстан
мен Ресейдің үлестері 50%-дан. Ресейдің жауапты ұйымы Құрманғазы
құрылымында шикізатты қолдану жабасында конкурссыз қатысу мүмкіндігіне
ие болған.

     Мемлекеттер арасындағы келісімдерге сай Қазақстан мен Ресейдің жауапты
ұйымдары олардың қатысу үлесіне сай құқық пен міндеттерге ие болады. Бірақ
Ресей жаққа бекітілген опционды коммерцияға енгізер алдында қазақстандық
және ресейлік арнайы құрылыстардың құқықтары мен міндеттері тең болады.

         529

МАЗМ¦НЫ
   524   525   526   527   528   529   530   531   532   533   534