Page 530 - indexf
P. 530

Кен орнын ашқаннан кейін алты ай өткеннен кейін кәсіпорын опционды сату
туралы Ресей жағына коммерциялық ұсыныс жасауы керек. Ресей ұйымдарына
опционды белгілі бір ретте пайдалануға мүмкіндік береді. Ресей опционнан бас
тартқан жағдайда кәсіпорын жобадағы 25% еркін пайдалануға мүмкіндік алады.
Опционды сатқаннан түскен пайда жобаны дамытуға бағытталады.

     2002 жылдың 13 мамырындағы құжаттарға сай жауапты ұйымдар өздерінің
кәсіпорындағы қатысу үлесін өз мемлекетінің рұқсатымен басқа өкілдерге бере
алады. Бірақ бұл приоритетті құқық басқа заңгерлер ұсынғандардан кем емес.

     Келісім бойынша өздерінің қаржылық міндеттерін қамтамасыз ете алмаған
жауапты ұйымдар өз үлестерін жоғалтады.

     Алыс шығыс аумақтарда шамамен, 300 перспективті антиклиналды
қоймалар ашылған. Шамамен, 140-тан астам кен орындарын ашу болжамдануда,
олардың 100-ден астамы Охотоморск қайраңында. Мұнай-газ алушы кешеннің
толығымен дамуы кезінде Охот теңіз қайраңында алу деңгейі 2050 жылға мұнай
бойынша шамамен, 100 млн.т, газ бойынша 200 млрд м3 жетуі мүмкін.

     Қазіргі кезде «Сахалин-П» жобасы жүзеге асырылуда.
     Пильтун Астох кен орны мұнайлы болады және Сахалин аралының
солтүстік шығыс жағалауынан 16 км орналасқан. Кен орнын игеру Асхот
учаскесінен басталған. Мұнда Ресейдегі бірінші Molikpaq бұрғылау платформа-
сы орналасқан, онда 1999 жылы жазда алғаш рет өндірістік нысаналарда мұнай
алынған.
     «Сахалин-II» жобасын жүзеге асыру шегінде алынған бірінші мұнай 1999
жылдың шілдесінде алынған.
     «Сахалин-III» жобасы төрт блоктар шегінде мұнай мен газдың тоқтауын
мүмкін болатын іздеу, қадағалау және өңдеу перспективаларын қарастырады.
Осы жобаға сай тек Оңтүстік Кирин қадағалау ауданы бойынша алынатын
қорлар шамамен, 400 млн мұнай және 30 млрд газ. Бұл аудан Сахалин өзенінің
қайраңында ең үлкен кен орны саналады. 1998 жылдың ортасынан «Сахалин-
IV» жобасын жасау және жүзеге асыру басталды. 2000 жылы жүргізілетін
геологиялық қадағалау жұмыстарының уақыты 6 жыл деп белгіленген.
     Сонымен бірге Сахалин аралының солтүстік бөлігінде мұнай қаныққан
блокты игеру «Сахалин-V» жобасы бойынша басталды.
     Ресейдің оңтүстігінде мұнай мен газдың көзі Каспий, Қара және Азов
теңіздерінің қайраңдары болып табылады. Барланған немесе мұнайдың болжам-
ды құрылымы Каспий теңізінің Ресей қайраңында орналасқан, көбіне 2-30 м
Солтүстік Каспийде және 10-60 м тереңдікте Батыс Каспийде. 1995 жылы мұнда
81,6 мың тонна мұнай өндірілген. Бірінші кезекте нысандарға Инчхе-теңіз мұнай
конденсатты кен орындарын және Солтүстік-Батыс Каспийде мұнай қаныққан
локальді ауданды жатқызуға болады. 2010 жылдың аяғына таман бұл кен орын-
дарда мұнай өндіру көлемі бірнеше миллион тонна жылына болуы мүмкін.
Каспий қайраңындағы кен орындары барлау және пайдаланылған техникалық
құралдар қажет.

         530

МАЗМ¦НЫ
   525   526   527   528   529   530   531   532   533   534   535