Page 535 - indexf
P. 535

Малайзия            21,0   15,3
Катар               14,0   10,2
Австралия           10,1    7,4
Бруней               8,8    6,4
БАӘ                  6,9    5,0
Нигерия              5,6    4,1
Тринидад             3,5    2,6
Оман                 2,5    Ь8
АҚШ                  1,7    1,2
Ливия                0,8    0,6
Барлығы             136,9  100,0

     Малайзия
     Малайзияның мұнай-газды іздеу-барлауға жарамды ауданы – 494,2 км2 -ға
тең территориясы бар. Оның ішінде 337,2 км2 континентальді қайраңда, 63,9 км2
терең сулы ауданда, 94,048 км2 құрлықта.
     Мұнай. Мұнда дәлелденген мұнайдың жалпы қоры 2,3 млрд баррельді
құрайды. Бүкіл мұнайды өндіру Малайзия бұғазындағы қайраңға негізделген.
Басты кен орындар: Tapis, Guntong, Selgi, Pulai, Bekok, Kepong (18 кен орын).
Елде өндірілетін мұнайдың жартысынан астамы Tapis кен орнына тиесілі.
Мұнай қоры қазіргі қарқындылықпен өндірілетін болса, ол 17 жылға жетеді,
2016/2017 жылға таман Малайзия мұнай импорттаушы ел болуы мүмкін.
     Мұнай платформадан құбыр арқылы Терренгану штатының жағалауына
жеткізіледі. 2001 жылдан Angsi, Larut, Sattelite, Fields кен орындарында өндіру
жұмыстары басталды. Angsi кен орнын игеру үшін 300 км ішкі өндірістік
құбырлар төселген және жағалауға дейін 166 км салынған. Болашақта күтетін
өндіріс көлемі 160 млн. баррель мұнайды және 1,4 трлн. куб.фут газды құрайды.
     Larut кен орны 69 м тереңдікте орналасқан. Одан 320 млн. баррель мұнай
және 1,5 трлн. куб.фут газ өндірілмек. Көмірсутек Терренгану штаты жағасына
газ құбыры (диаметрі 8 дюйм, ұзындығы 98 км) және мұнай құбыры (диаметрі
12 дюйм, ұзындығы 101 км) арқылы жеткізілмек.
     Тайландпен бірге игеріліп жатқан аудан Тайланд шығанағында Малайзия
мен Тайланд шекарасы ортасында орналасқан.
     Cakeravala газконденсатты кен орнын меңгеру үш бұрғылау платформасы-
нан тұрады: өнімді дайындау платформасы, газ сығымдаушы қондырғысы бар
платформа, FSO-ға қарай ұзындығы 2 км конденсат желісі. Газ платформадан
диаметрі 30 дюйм, ұзындығы 255 км болатын құбыр арқылы Тайландтағы ГӨЗ-
на (газ өңдеу зауыты) тасымалданады. Алғашқы газдың тасымалдануы 2014
жылға қарсы күтілуде.

                    535

           МАЗМ¦НЫ
   530   531   532   533   534   535   536   537   538   539   540