Page 536 - indexf
P. 536

Малайзия бұғазы қайраңында өндірілген газ газ құбыры желісі арқылы
жағаға келеді (Терренгану штаты, Kerteh зауыты). Қазіргі таңда Exxon компа-
ниясы Jawit, Bintang, Jernet кен орындарының жағалауымен байланыстыратын
құбыржелісі жүйесін құруда. Bintang кен орнынан алғашқы газ алынды (макси-
малды өндіріс 355 млн. куб.фут тәулігіне). Кен орыннан барлығы 1 трлн. куб.
фут газ өндіріледі.

     Саравак штаты қайраңында өндірілген газ бен конденсат Бинтулу
жағасындағы еріту зауытына құбыр арқылы келіп түседі, ол 22,6 млн тонна
жылына СПГ (еріген табиғи газ) өндіріледі. Ол ең ірі газ еріткіш зауыты бо-
лып саналады. Штат қорының 85%-ы Бинтулу ауданы жағалауында орналасқан
Jintan, Heland, Serai және тағы бірнеше кен орындардың газ қоры 6 трлн. куб.
футты құрайды. Ішіндегі ең ірісі – Jintan (2,4 трлн. куб.фут). Jintan кен орнынан
өндірілген газ конденсаттан айырылып, дегидрацияланып, алынған екі фазалы
қоспа диаметрі 36 дюйм, ұзындығы 148 км құбыр арқылы пайдалану платфор-
масынан манифольд платформасына келіп түседі. Онда ол Heland кен орнынан
келіп түскен екі фазалы қоспамен бірігіп, диаметрі 32 дюйм, ұзындығы 99 км
құбырмен жағаға тасымалданады. Жағаға жеткізу үшін әрқайсысы диаметрі
22 дюйм, ұзындығы 119 км болатын құбыр қызмет атқарады. Сабах штаты
жағалауындағы ERB WEST кен орнынан өндірілген газ ұзындығы 65 км құбыр
арқылы штат астанасы жанындағы газ терминалына жеткізіледі.

     Филиппин
     Филиппин бүгінгі күні дәлелденген 3,8 трлн. куб.фут газ қорына ие, бірақ
қарқынды өндіріс тек 1991 жылы Малампая кен орнын игергеннен кейін бас-
талды. Ол оңтүстік Қытай теңізінде орналасқан және оның жалпы қоры 2,6
трлн. куб.фут газды құрайды. Онда өндірілген көмірсутекті мемлекет тек өз
қажеттіліктеріне ғана жұмсайды.
     Мемлекет ірі Филиппин-Лузой аралын 30% электр энергиясымен қамтама-
сыз етіп тұрған, үш электрстанциясын газбен қамтамасыз ететін терең сулы Ма-
лампая кен орнында газ өндіру бойынша ірі масштабты жобаны іске асыруда.
Бұл кен орны Филиппин аралдарының жанында орналасқан. Тереңсулы ұңғыдан
өндірілген газ ұңғыдан 30 км қашықтықта және аз тереңдікте орнатылған
теңіз платформасына диаметрі 400 мм қос құбыр арқылы келіп түседі. Су мен
қонденсат платформада бөлініп, өңделеді. Конденсат тұрақтанады, одан кейін
нақты жағадан танкерлерге тиеледі. Газ дегидрацияланып, диаметрі 24 дюйм,
ұзындығы 500 км құбыр желісімен Лузон аралығындағы зауытқа тасымалдана-
ды.
     2001 жылы Филиппин тәулігіне 1 мың баррельге жуық мұнай өндірген, ал
2002 жылы өндіріс Малампая кен орнының газ қаныққан құрылымының төменгі
жағында орналасқан мұнай шоғырын игеруге байланысты аз уақытта 23512 бар-
рельге өсті.

         536

МАЗМ¦НЫ
   531   532   533   534   535   536   537   538   539   540   541