Page 533 - indexf
P. 533

тереңдігі 100 м қайраң учаскелерінде жайғасқан, яғни олар техникалық жағынан
меңгеруге қолайлы. Карск қайраңының Приямаль ауданының батыс бөлігінде
ең ірі газ кен орындары – Русаков және Ленинград ірге тепкен.

     Мұнда Харасавей, Крузенштерн және Батыс Шарапов, сонымен қатар Обск
мен Тазов перспективалы құрылымдары бар.

     Оңтүстіктен солтүстікке 30-дан 70 км-ге созылатын Обск губасының
ұзындығы 750 км-ге жетеді. Губа шеңберінде судың тереңдігі 2-ден 20 м-ге
дейін өзгереді. Тазов губасы 10-35 км ендікте Обск губасымен жалғанғанша
300 км-ге дейінгі қашықтыққа созылады. Судың тереңдігі 2-ден 7 м-ге дейін
ауытқиды. Мамандардың бағалауы бойынша, губалардың акваториясында
көмірсутектердің жалпы геологиялық ресурстары 1500 млн. т шартты отынын
құрайды. Харасавей газ-конденсатты кен орны Русанов және Ленинград пен
бірге Карск теңізіндегі ең ірілерінің бірі болып табылады. Оны игерудің негізгі
әдісі – бұрғылау үдерісі және мұзға берік бұрғылау қондырғыларын немесе мұз
аралдары мен жасанды себілмелі тас шиыршықты аралдарды ұйымдастыру.

     Әртүрлі табиғатта тектоникалық құрылымдардың үйлесуі, соның ішінде
рифтогеинділер Лаптев теңізінің мұнай газ потенциалын жоғары бағалауға
мүмкіндік береді. Шығыс Сібір және Чукотка теңізінің шектерінде Чукотка-
Аляска және Новосибирск-Чукотка перспективалы мұнай газ провинциялары
орналасқан. Қарастырылып отырған теңіздер – Ресейдегі ең аз зерттелгендер.

     Ресейдің континенталды қайраңын меңгеру табиғи климаттық жағдайлары
өте қатал болғандықтан аса қиын деп есептеледі. Алдағы 10-15 жыл аралығында
Ресей қайраңдарында іздеу-барлау жұмыстары жүргізілетін болады, оның
міндеті келешекте мұнай мен газдың шикізат базасын теңіз кен орындарында
пайдалануға дайындау болып табылады.

     Осылайша, Арктикада орындалған іздеу-барлау жұмысының нәтижелері
мұнай мен газдық теңіз қорлары бұл аумақта әлемдегі ең ірілердің бірі болып,
қоры жағынан белгілі Таяу Шығыс аймағынан асып түседі.

     Мұнай мен газды өндіруге арналған дайын шикізат базасы бар теңіз аумағы
ретінде Сахалин аралының солтүстік-шығыс қайраңы, мұнда көп мөлшерде
құрамында газы бар мұнайға аударғанда, 1 млрд. т көмірсутек қоры барланған
8 кен орны ашылды. Бұл Сахалин аралын және оған жақын Ресейдің құрлық
бөлігін газбен бірнеше онжылдықтарға қамтамасыз етеді және әлем нарығына
экспорттауға мүмкіндік тудырады. Сахалин аралы қайраңының табиғи жағдайы
әлемдегі ең қатігездерінің бірі болып табылады. Олар ашық теңізде жүргізілетін
жұмыстардың технологиясын таңдауға әсерін тигізеді, стандартты емес опера-
цияларды қолдануды талап етеді. Жұмыс кезеңінің ұзақтығының шектеулігін
есепке алынған теңізде жүргізілетін құрылыс пен іздеу-барлау жұмыстарының
алдыңғы қатарлы әдістерін пайдалануды талап етеді.

     Өндірістік игеруге дайын Чайво теңіз кен орны (1979 жылы ашылған), Одоп-
ту теңізі (1977 ж.), Лунское (1984 ж.) және Пильтун-Асохское (1986 ж.) болып
табылады. Өндірістік игеруге дайындық үстіндегі кен орны – Аркутун-Дагий

         533

МАЗМ¦НЫ
   528   529   530   531   532   533   534   535   536   537   538