Page 528 - indexf
P. 528

мың баррельді құраған. Осы кезде ұңғының өнімділігі орнатылумен және бар-
лау жұмыстардың экологиялық ережелерінің жетілмеуімен шектелген.

     2001 жылдың күз айында Шығыс Қашаған-2 құрылымында бірінші бар-
лау ұңғымасы үшін қорғаныс жүйесінің құрылысының аяқталғаны туралы
хабарлаған. Бағасы $1 млн. болатын конструкциясын Атыраудың «Промонтаж
К және В» ЖШКО дайындаған. Ол ұңғылардың сағасын сыртқы табиғи фактор-
лардан, соның ішінде мұздан қорғау үшін арналған.

     Жаңа ұңғыларды бұрғылау теңіздегі тереңдігі 2-ден 4 м болатын жасанды
аралдардан әкелуге мақсатты болады. Бұрғылау қондырғыларын орналастыру
үшін бермдердің құрылысын Баутино ауылының маңында орналасқан Аташ
карьерасында алынатын жыныстардан жүргізіледі деп шешілген. Жасанды
аралдардың құрылысын жүргізу тендерін американдық түрік Bechtel-Enka ком-
паниясы жеңіп алды.

     Өлшемі 120x80 м бірінші жасанды арал Шығыс Қашаған-5 блогында
тұрғызылған. Оның құрылысы үшін 350 мың тонна тас керек болған.

     Жасанды аралдарды бұрғылау үшін екінші бұрғылау қондырғысы алынған.
Бұрғылау платформасын әкелу бойынша халықаралық тендерді германиялық
Deutag компаниясы жеңіп алған. Алғашқыда бұл платформа Ұлыбританияда өте
терең ұңғымаларды бұрғылау үшін қолданылған.

     Қазақстандық өндірушілерден Agip KCO 2001 жылы 113$ млн. сомасына
тауарлар мен қызметтерді алған, ал 2002 жылы бұл көрсеткішті 120$ млн. дейін
жеткізуді жоспарлауда. Келісімшарт негізінен жер өңдеу жұмыстарын жүргізуді,
жолдар мен елді мекендер құрылысын қарастырады. Сол уақытта ақшаның үлкен
бөлігін консорциум жоғарғы технологиялық жұмыстар мен қондырғыларға
бағыттауда, онда қазақстандық өндірушілердің мүмкіндіктері шектелген.

     20.1.3 Инвестициялар мен перспективалар

     Каспийдің қазақстандық қайраңдарының кен орындарын өңдеуге кет-
кен жалпы инвестициялар 14 жыл аралығында 20 млрд. доллар деңгейінде
бағаланады.

     2002 жылдың басында консорциум Қашаған кен орнында жұмыс жүргізу
үшін 1,2 млрд. доллар салған, соның ішінде 1993 жылдан 1997 жыл аралығында
консорциум сейсмикалық жұмыстарды жүргізу үшін 300 млн. доллар
шығындаған.

     1998 және 1999 жылдары жобаға 158-160 млн. доллар инвестицияланған,
2000 жылы 200 млн. доллар, 2001 жылы 420 млн. доллар жұмсалған.

     2002 жылдың жұмыстарының бағдарламасын қамтамасыз ету үшін 800 млн.
доллар инвестиция талап етіледі.

     2003 және 2006 жылдар аралығында Қашаған кен орнын игеруге 7 млрд.
доллардан астам қаржы салынды.

     Agip KCO Қашаған кен орнында мұнайды осылай алуды 2015 жылы, ал
коммерциялықты 2016 жылы бастауды жоспарлап отыр. Өндірістік өңдеудің

         528

МАЗМ¦НЫ
   523   524   525   526   527   528   529   530   531   532   533