Page 531 - indexf
P. 531

70-жылдың соңы мен 80-жылдың басында сынамалы пайдалануға Қара
теңізінің газконденсатты кен орны дайындалған. Қазіргі кезде Қара теңіз бен
Азов теңізінде іздеу-барлау жұмыстары жүргізілуде.

     Одан басқа Балтық теңізінің кен орындарында игеру жұмыстары жүргізілуде.
Болжанған қор 50-60 млн т құрайды, одан алынатыны – 16 млн т 1995 жылы бұл
жерде 745,2 мың т мұнай өндірілген. Балтық теңізінің қайраңдарын қарқынды
игеру, үлкен мұнай қоры бар Кранцов кен орнын игеруді енгізумен байланысты.

                       20.2 Ресей теңіз кен орындарын меңгеру

     Ресейде мемлекетік теңіз қайраңында мұнай мен газдың қорларын өндірістік
меңгеру алдында тұр. Қазіргі кезде негізгі континенталды қайраң кен орындары
негізінен Батыс Сібірде орналасқан және олардың қоры біртіндеп азая бастауда.
1994 жылдан бастап, болжанған қорлардың өсуі оны игерілген қорын өтемейді.
Мұнай мен конденсаттардың қорларының өсуі жылына 200 млн.т деңгейінде
(оны өндіру жылына 300 млн.т деңгейде), ал газ қорларының өсуі 200-250 млрд.м3
 деңгейде (оны өндіру жылына 590 млрд.м3 деңгейде). 1999 жылы мұнай мен
конденсаттың қорларының өсуі 199 млн.т болса (оны өндіру жылына 304 млн.т
деңгейде), ал газ 210 млрд.м3, оны өндіру жылына 567 млрд.м3 деңгейде болған.
Өткен ғасырдың 90 жылдарында Ресейде мұнай мен мұнай өнімдерін тұтыну
1,5-тен 0,9-ге дейін төмендеді, ал алдыңғы қатарлы мемлекеттерде (АҚШ,
Жапон, Батыс Еуропа) жан басына шаққанда мұнайды пайдалану 2-3 т-ға жетті.
Шығыс Сібірдегі болжанған мұнайлы аудандар аз көлемді әрі игеруге қолайсыз
аумақта орналасқан. Сол кезде Ресей әлемдегі ең үлкен қайраңға ие ел болды
(әлем қайраңдарының 22%-ы), оның ауданы 5,2 млн км2, соның ішінде изобаты
200 м дейін, оның ауданы 4,5 млн км2, оның 75%-ы мұнай мен газға өте бай
перспективалы болып есептеледі. Ресейлік қайраңының потенциалды ресурс-
тары әлемдегі ең ірі мұнай-газ провинцияларының қорларымен бірдей. Ресей
қайраңының болжаланған мұнай-газ қорлары 100 млрд. т-дан асады. Оның
45%-ы тереңдігі 50 м-ге дейін, 25%-ы 50-100 м және 30%-ы 100-200 м аралы-
ғында шоғырланғын.

     Мұнай мен газдың жалпы ресурстарының 85%-ы Арктикалық теңіздерге
сәйкес келеді, шамамен, 12%-ы алыс шығыс теңіздеріне, ал қалғаны ішкі
теңіздерге (Каспий, Қара теңізі, Азов және Балтық теңіздері).

     Ресейдің арктикалық кеңейтілген зонасына Коль жарты аралынан
Чукотканың Тынық мұхиты жағалауына дейінгі территориясы жатады. Өткен
ғасырдың 90-жылдарына қарай Әзербайжан мен Қазақстанның мұнайлы аудан-
дарынан айырылған Ресейге Солтүстік Арктика қайраңдарының ресурстарын
игеруге тура келеді. Арктикалық қайраңдардың мұнай-газ ресурстарын игерудің
экономикалық құндылығы құрлық пен теңізде игерілетін көмірсутектердің
бағасының теңесілуімен түсіндіріледі. Соңғы жаңа технологиялық жетістіктердің
арқасында құрлықтағы кен орындардың қоры шектеулі болғандықтан, құрлықта

         531

МАЗМ¦НЫ
   526   527   528   529   530   531   532   533   534   535   536