Page 539 - indexf
P. 539

1996 жылдан, ал 1993 жылдан мұнай өнімдерін импорттауды бастады. 2002
жылы Қытайда 18,8 млн. тонна мұнай, 4,3 млрд. м.куб газ өндірілді.

     Мұнайдың 90%-ын бұл мемлекет құрлықтан өндіреді. Аса ірі Daqing кен
орны (Солтүстік-шығыс Қытай) күніне 1 млрд. баррель мұнай өндіреді.

     Қытайда 1,2 млрд. т мұнай қоры және 200 млрд.м.куб газ қоры бар.
     ХХ ғасырдың 70 жылдары аяғында мемлекетте тек үш қайраңды кен
орны өндірілді. Соңғы 20 жылда Қытай мұнай мен газ өнімдерінің көп бөлігін
қайраңды кен орындарынан өндіруді бастады. Бүгінгі таңда олар Бохайвань
ауданында, Сары теңіз, Шығыс-Қытай теңізі және Оңтүстік-Қытай теңізінің
солтүстік континенталды қайраңында орналасқан.
     1996 жылы Қытай 19 теңіз кен орындарын өз бетімен және бірлесіп өндіре
бастады. Қайраңды индустрия шетелдік инвестицияның қатысуымен қарқынды
дамуда. Қайраңды кен орындардың даму басылымдығы Шығыс-Қытай теңізі
мен Бохайвань жағалауына берілетін болады.
     1996 жылы Оңтүстік-Қытайда ең ірі мұнай кен орны Liahua 11-1 ( LH U-1)
кен орны пайдаланыла басталды. Оның қоры – 1 млрд баррель. Өнімді дайын-
дау FPSO-да 720 мың баррель сақтау көлемімен 140 мың тонна су ерітіндісімен
жүзеге асырылады. Сұйықтың күнделікті өнімі 300 мың баррель, мұнай 65 мың
баррель. Мұнай жағаға танкермен жеткізіледі.
     1997 жылы Xijiang 24-1 және Lufeng 22-1 кен орындары пайдалана бастал-
ды.
     Lufeng 22-1(LF22-1) Сянганнан (Гонконг) 332 м тереңдікте, 310 км
қашықтықта Оңтүстік-Қытай теңізінде орналасқан. Оның тропикалық ци-
клон аймағында жел жылдамдығы 18-22 км/сағ, толқын биіктігі 8 м-ге жетеді.
Шығарылатын мұнай қорларының көлемі 30 млн. баррельмен бағаланады.
Тәуліктік өнім өндіру сұйықтық – 125 мың баррель, сонымен қатар мұнайдың
65 мың баррелін құрайды. Мұнайды FPSO-ға көтеру үшін, теңіз табанында
орналасқан электрлік сораптар қолданылады.
     FPSO «Navion Munin» су ерітіндісін – 103 мың тонна, сақтау көлемі –
640 мың баррельді құрайды. Танкерлерде 650С-та мұнай температурасын
қамтамасыз ететін жылытушы элементтер орнатылған. Өнімді дайындау
құралы электростатикалық коалесцерлердің бірінші және екінші деңгейлік се-
параторларды қосады. Кен орнының мұнайында көп мөлшерде парафиндер бар.
Сондықтан іске қосуда су апаруын толығымен қосуда жылудың циркуляция
сызбанұсқасын, сонымен қатар парафинді үлгілерді құрауда райзерлер мен ма-
нифольдтар қызмет етеді.
     Бірінші деңгейдегі сепараторда мұнай құрамы 30 мг/л дейін түсетін
гидроциклондарға кететін су бөлінеді. Температура сепараторда 650С болу ке-
рек. Сепаратор мен коалесцер қызып кетуі мүмкін. Бірінші деңгейлік сепара-
тордан мұнай температурасы 950С жететін жылытқышқа түседі. Осылай мұнай
тұтқырлығы төмендейді. Екінші деңгейлік сепаратордан кейін мұнайдан судың
толығымен бөлінуі ООВ 0,5%-ке дейін жететін коалесцерге орта насостармен

         539

МАЗМ¦НЫ
   534   535   536   537   538   539   540   541   542   543   544