Page 540 - indexf
P. 540

түседі, ал мұнай келесі сақтағыш үшін 700С-қа дейін суиды. Жағаға мұнай тан-
керлер арқылы жеткізіледі.

     Sulzhong 36-1 (Sz36-1) – Бохайвань жағалауында орналасқан. 2005 жылдан
бастап әр жылғы мұнай және газ өнімі жағалауда 20 млн. тоннаға жетіп, бұл
аудан Қытайдың қайраңындағы үш ірі мұнай өндіруші аудандарының қатарына
қосылды.

     1993 жылы газдың коммерциялық өндірілуі басталды. Дәлелденген мұнай
қорлары 317 млн баррельді құрайды, ол қайраңдағы ең ірі кен орны болып табы-
лады. Оны екі фазада меңгереді:

     1.	 Екі сағалық платформа және FPSO фазалары;
     2.	 Жеке өңдеуші платформа, 6 сағалық және мұнай тасымалдау үшін

          жағаға дейінгі 70 км ұзындықты мұнай құбырлары төселген.
     Мұнайдың тәуліктік өнімі – 75 мың баррель.
     Pengiai 19-3 – Қытай қайраңдарындағы аса ірі мұнай кен орны. Барланған
мұнай қорлары 750 млн баррель, оны 2002 жылдан пайдаланыла басталды.
Қазіргі таңда өнімді 40 мыңға болжамдаған қалпына келтірудің бірінші фазасы
жалғасуда, 2005 жылы тәулігіне 150 мың баррель мұнай өндіретін екінші фаза
басталды. Сонымен қатар күніне 190 мың баррель, 1,9 млн баррель сақтайтын
жаңа FPSO салынды.
     Qinhuangdao (QHD-32-6) – Бохайвань жағалауындағы тереңдігі 20 м-ге
жететін мұнай кен орны. Барланған қоры – 109 млн баррель. Әр жылдың өнімі
20 млн тонна, өнімді дайындау 1 млн баррель көлемді сақтаумен күніне 80 мың
баррель өңдей алатын FPSO “Bohai Shiji” жүзеге асырылады.
     Газ. Газдың көп бөлігі Сычуань провинциясының жағалауында өндіріледі.
Қытай өзінің табиғи газ кен орнын жақын арада қалыптастыра бастады,
сондықтан оны тасымалдануын қамтамасыз ететін капиталдың үлкен көлемді
төлемдері қажет.
     Ең ірі қайраңды газ кен орны Yacheng B-1(YOB-1) дәлелденген қорлары
100 млрд. м.куб. Ол Оңтүстік-Қытай теңізінің батыс бөлігінде орналасқан. Газ
өндіру 1996 жылы басталды және жылына 3,4 млрд. м.куб газды құрайды. Бұл
газ 800 км ұзындықта теңіз құбырлары арқылы Сянганға электр энергиясын
өндіруші зауытына дейін тасымалданады. Тағы бірі 100 км ұзындықтағы газ
құбырын кен орынды Хайнань аралығымен байланыстырады.
     Bongfang І-І (DF1-1) Оңтүстік-Қытай теңізінің батыс бөлігінде 75 м
тереңдікте орналасқан. Дәлелденген қорлары 3,274 млн. фут.куб. Орнатудың
бірінші фазасы 116 км ұзындықты теңіз құбырын Хайнань аралына дейін созып
өнеркәсіптік зауыт салуды болжауда.
     Dinghu кен орны (РН) Шығыс-Қытай теңізінде орналасқан, онда газ
бен мұнай өндіріледі. Пайдалану 1999 жылы басталды. 15 жыл аралығында
1,2 млн. м.куб газ өндірілетіні болжануда. Оның дәлелденген қорлары 14,65
млрд. м.куб газ және 107,8 млн. т мұнай. Кен орнында өнімді дайындауда плат-
формалар орнатылған, мұнай мен газ жағаға құбырлармен тасымалданады.

         540

МАЗМ¦НЫ
   535   536   537   538   539   540   541   542   543   544   545