Page 541 - indexf
P. 541

Мұнай құбырының ұзындығы 310 км, диаметрі 10 дюйм, ал газ құбырының
ұзындығы 386 км, диаметрі 14 дюйм.

     Австралия
     Австралия Азиат-Тынық мұхит ауданындағы ең үлкен табиғи газ қорларын
құрайды. Дәлелденген қорлар 2002 жылдың 1 қаңтарында 2,54 трлн. м3 болды.
Олардың ішінен ең көбі солтүстік-батыс қайраңда жағадан 80 км қашықтықта
орналасқан. Gordon – кен орны осы кезеңге дейінгі сапалы кен орындардың
бірі. Оның қоры 0,849 трлн. м.куб газбен бағаланады. 2002 жылы 1300 м су
тереңдігінде орналасқан Jansz кен орнында екінші ұңғыма бұрғыланды. Кен
орынның барланған қоры 20 трлн. куб.фут газ болып бағаланылады. Exxon
Mobil компаниясы Австралия суларында ашылатын ірі газ кен орны болатынын
болжамдауда.
     Қазіргі кезде бұл ауданда үш әлем класы: North Rankin, Goodwin және
Perseus 16 газ кен орнын құрайды. Бұл кен орындардағы газ мөлшері Австрали-
яны 35 жыл аралығында қамтамасыз етуге жеткілікті. Өндірілген газ негізінен
метаннан тұрады. Сонымен қатар ауыр көміртегі қоспаларын құрайды. Пропан
және бутанды жағады, ал ауырлау көміртектерді конденсат ретінде сатады.
     Көміртектері жағаға 135 км ұзындықты теңіз құбырларымен тасымалдана-
ды. Экспорттау 1989 жылы басталды. Газдың көп мөлшері жағылып, Жапонияға
экспортталады. Австралия Азия-Тынық мұхиты ауданындағы жанған газдан
экспорттау көлемі бойынша үшінші болып табылады. Бүгінгі таңда Испания,
Оңтүстік Корея және Түркиямен сауда-саттық жүргізілуде.
     Thylacine және Geographe кен орындары қорлары 0,06 трлн. м.куб-қа
бағаланатын оңтүстік жағалау ауданы газ бойынша сапалы болып саналады.
     Тиморск теңізінің ауданы Шығыс Тимор тәуелсіз мемлекеті болып
жарияланғаннан кейін теңдік басқару аймағы болды. Бұл ауданда 2 ірі: Bayu
Undan және Great Sunrise кен орндары орналасқан. Shell компаниясы Great
Sunrise кен орнында өндірілген газды жағуда бірінші болып жүзбелі қондырғы
қолданбақшы. Бірқатар компаниялар солтүстік аймағында және басқа Австра-
лия аудандарында газ қажеттілігін қамтамасыздандырумен қатар екі Bayu Undan
және Great Sunrise кен орындарын дамытпақшы.
     Австралия тәулігіне орташа есеппен, 633000 баррель мұнай өндіреді, ал
тәулігіне 872000 баррель мұнай пайдаланады. Мұнай жетіспеушілігі жыл сайын
өсіп, 2011 жылда өздерінің резервтерінің есебінен тек 40% қолдана алатын
болады. Солтүстік-Батыс қайраңда газ бойынша, аз немесе орта өлшемді мұнай
кен орындары орналасқан. Олардың ішінен ең үлкені Warmea 200 млн. баррель
мұнайды құрайды. Қазіргі таңда 4: Wanaea, Cossack, Lambert және Hermes кен
орындары пайдаланылуда. Мұнай FPSO-ға түсіп, одан танкермен жеткізіледі.
     30 жыл аралығында Еасс 3 млрд. баррель мұнай және 3 трлн. куб.фут
табиғи газ құрайтын мұнай мен газ өндіретін маңызды аймақ болды. 1965
жылы Barracouta алып газ кен орны ашылды. 1967 жылы мұнай алыптары

         541

МАЗМ¦НЫ
   536   537   538   539   540   541   542   543   544   545   546