Page 543 - indexf
P. 543

баррель мұнай берген. Қалған өндірілетін қорлар 20 млрд. баррельді құрайды.
Әртүрлі бағалаулар бойынша, 25000 км-ден 45000 км-ге дейін құбырлар теңіз
түбіне төселген.

     Газ. Венесуэлада табиғи газдың дәлелденген қоры 148 трлн. куб. фут. деп
бағаланады, көлемі бойынша, Батыс жартышарында АҚШ-тан кейінгі екінші,
ал әлемде сегізінші орында. 2001 жылы мемлекет 1,1 трлн. куб. фут. газ алған,
оның барлығы мемлекеттің ішкі тұтынуына жұмсалған.

     Deitana платформасы – Тринидат пен Тобаго арасы шекарасындағы
Венесуэаланың атлантикалық жағалауында орналасқан. Дәлелденген газ қорлары
4,4 трлн. куб. футты құрайды. Кен орындарында өндірілген төмендетілген
газдың АҚШ-қа алғашқы тасымалдануы 2017 жылға жоспарланған.

     Мексика
     Газ. Мексикада табиғи газдың дәлелденген қоры 30,1 трлн куб футты
құрайды, мемлекет әлемде табиғи газ қорлары бойынша 21 орынға ие. 2000
жылы 1,33 трлн. куб.фут өндірілген. Газдың көп көлемі солтүстік пен солтүстік-
шығыста шоғырланған, ол негізінен тұтынушылардан алыс, елдің оңтүстік-
шығысында өндіріледі. Негізінен ілеспе газ құрлықта да және қайраңдарда да
өндіріледі. Табиғи газдың аса үлкен кен орны Burgos елдің солтүстік-шығыс
бөлігінде орналасқан, онда газды өндіру 1945 жылдан бастап жүргізіп келеді.
Соңғы жылдары табиғи газдың үш ірі кен орындары ашылған, олардың біреуі
қайраңда орналасқан, оның қоры Мексиканың дәлелденген қорларының
төртінші бөлігін құрайды. Тарихи тұрғыдан Мексика табиғи газды АҚШ-тан
импорттаушы ел болып табылады.
     Мұнай. Мексика әлемде мұнай қоры бойынша тоғызыншы орынға және ба-
тыс жартышарда Венесуэладан кейін екінші орынға ие. Мексика мұнайды өндіру
көлемі бойынша жетінші орында тұр. Ол Сауд Арабиясынан кейін мұнайды
АҚШ-қа тасымалдау бойынша екінші орынға ие. Қазіргі кезде мұнайдың төрттен
үш бөлігі Campecho Bay мен Мексика шығанағынан түседі. Онда Camarell кен
орны орналасқан – ол күніне 2,3 млн. баррель мұнай беретін елдегі ең ірі мұнай
кен орны. Бір ұңғымадан мұнайды алу 1970 жылдан бастап 35 мың баррель-
ден 1,4 мың баррельге дейін төмендеген. Кен орнында газды алу өнімділігін
жоғарылату үшін қабатқа азотты айдау әдісі арқылы жүзеге асырылады. Оны
дайындап шығару үшін зауыт салынған, оның төрт қондырғыларында күніне 1,2
млрд. куб. фут азот өндіріледі.
     2000 жылы Мексика мен АҚШ Мексика шығанағының батыс терең сулы
бөлігін бөлу туралы келісімшарт жасады. Ол бойынша Мексика 62% ауданға, ал
АҚШ -38% ауданға ие.
     Cantarell кен орны Юкатан аралының қайраңдарында жағалаудан 80 км-
де орналасқан. Судың тереңдігі оңтүстікте 35 м-ден солтүстікте 40 м-ге дейін
өзгереді.

         543

МАЗМ¦НЫ
   538   539   540   541   542   543   544   545   546   547   548