Page 542 - indexf
P. 542

– Kingfish және Halibut кен орындары ашылды. Құбырлар бойынша өнім да-
йындайтын, өздерін байланыстыратын платформалардан өнім жағалауға тасы-
малданылады. Barracouta-ның 4 кен орны жағадан 24 км қашықтықта 46 метр
тереңдікте орналасқан. Мұнай мен газ жағалауға сәйкесінше, 150 мм және 450
мм құбырлармен тасымалданады.

     Австралиядан Тасманияға дейін құрлық бойымен 430 км, ал Бассовқа дейін
305 км газ құбыры орналасқан. Құбыр Longford (штат Виктория) қаласынан бас-
талып, Австралия территориясы бойынша созылып жатыр.

     Тасмания Лонсестон қаласының маңында екіге бөлінеді: солтүстік бөлік
солтүстік-батыс жағалауға, ал оңтүстік бөлік Хобартқа дейін жетеді. Мұндағы
құрылыс бір уақытта құрлық пен бұғазда жүргізілген. Құрылыстың мақсаты:
Тасманияны газбен қамтамасыз ету және соған байланысты аралда гидроре-
сурстарды қолдану өз шегіне жетеді және қосымша энергия көзінсіз өндірістің
ары қарай өсіп дамуы мүмкін емес.

     20.3.2 Оңтүстік Америка

     Бразилия
     Мұнай. Бразилияда мұнай қорларының 8,15 млрд. баррельді бар. Бірақ ол
Аргентинада, Сауд Арабиясында және Венесуэлада тұтынылатын мұнай мен
мұнай өнімдерінің 40%-ын импорттайды. 2002 жылы мұнайды өндіру күніне
1,269 мың баррельді, ал тұтыну күніне 2,155 мың баррельді құраған.
     Рио-де-Жанейродан оңтүстік шығыста орналасқан Campos бассейні мол
мұнай қорларына ие және дәл осында оны қазіргі уақытта өндіру жүзеге асы-
рылуда. Campos бассейнінің ауданында Бразилияның мұнай қорының 80%-ы
жинақталған. Жаңа ашылулар нәтижесінде бұл ауданда мұнай қоры екі есеге
көбейген және қазіргі кезде 1,5 млрд. баррельді құрайды: 9-MML ұңғымаларын
бұрғылау барлық қорларға 270 млн. баррельді, I-ESS-121- ұңғымалары 600 млн.
баррельді, Jubarte кен орны 600 млн. баррельді қосты.

     Венесуэла
     Мұнай. Венесуэлада дәлелденген мұнай қорлары 77,8 млрд. баррельді
құрайды. Ол әлемдегі он ең ірі мұнай өндірушілер қатарына жатады. 2002 жылы
елде күніне 2,9 млн. баррель алынған, олардың 2,46 млн. экспортқа кеткен. Бұл
мұнайдың 62%-ы танкерлер көмегімен тура АҚШ-қа тасымалданған. АҚШ-тан
басқа Венесуэла мен Мексика Орталық Америка мен Кариб бассейндерінде
көршілес елдерді де мұнаймен қамтамасыз етеді.
     Венесуэлада мұнай қорлары, негізінен төрт: Маракайбо, Фелкон, Апуре
және Ориентал бассейндерінде шоғырланған. Қорлардың көпшілігі ауыр мұнай
болып табылады.
     Маракайбо өзенінен мұнайды экспорттау 1918 жылы басталды және 1927-
1970 жылдары аралығында Венесуэла әлемдегі ең ірі мұнай экспорттаушы ел
болған, 1914 жылдан бастап, 17 мың ұңғымалар бұрғыланған, олар 37 млрд.

         542

МАЗМ¦НЫ
   537   538   539   540   541   542   543   544   545   546   547