Page 93 - indexf
P. 93

ӨК ЖБҚ-ның энергетикалық жабдығы дизельгенераторлардан, жалпы
біріккен энергетикалық жүйеден тұрады. Олардың қуаты жалпы ӨКБҚ-ның
параметрлерінен, бұрғылау тереңдігінен, теңіз тереңдігінен, жұмыс режимінің
тәуелділігінен анықталады. Құрлыққа қарағанда, электр жетектердің және
электрқозғалтқыштарының қуаты жоғарыны таңдайды.

4.4-сурет. «Бакы» ӨК ЖБҚ мұнарасы

        4.2 Өздігінен көтерілетін жүзбелі бұрғылау қондырғыларының
                    бұрғылау және технологиялық жабдықтары

     Өздігінен көтерілетін жүзбелі бұрғылау қондырғыларында орнатылған
бұрғылау жабдығы құрлықтағы бұрғылау жабдықтарынан айырмашылығы аз.
Сондықтан өздігінен көтерілетін жүзбелі бұрғылау қондырғыларында бұрғылау
кемелері де жерде бұрғылаудың стандартты қондырғыларының тораптары мен
агрегаттары кеңінен қолданылады.

     Теңіз акваторияларындағы бұрғылау жұмыстарының тәжірибесі өздігінен
көтерілетін жүзбелі (қалқымалы) бұрғылау қондырғыларына қойылатын талап-
тар:

     -	 Минималды өлшемдер және жабдық салмағы;
     -	 Бір өздігінен көтерілетін жүзбелі бұрғылау қондырғысымен бірнеше

          ұңғыманы бұрғылау мүмкіндігі;

         93

МАЗМ¦НЫ
   88   89   90   91   92   93   94   95   96   97   98