Page 94 - indexf
P. 94

-	 Алшақ тораптардың жоғарғы сенімділігі мен олардың өзара
          алмастырушылығы;

     -	 Ұңғыма құрылысы кезіндегі бұрғылау қондырғыларының жоғарғы
          өнімділігі;

     -	 Өздігінен көтерілетін жүзбелі бұрғылау қондырғыларының бұрғылау
          аяқталған ұңғымадан жаңа жерге тез орын ауыстырылуы;

     -	 Кішкене және үлкен қашықтықтарға орын ауыстыруда өздігінен
          көтерілетін жүзбелі бұрғылау қондырғысының теңізде жүзуін
          қамтамасыз ету.

     -	 Бұрғылау жұмысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
     Автономдылық, яғни бұрғылау үшін жеткілікті материал қорымен, қызмет
көрсетуші персоналдың тұрғын үй жағдайларын және т.б. қамтамасыз ету.
     Әлемдік тәжірибеде сараптау қауымдастықтары мен кәсіпорындарының көп
жылдық тәжірибесі негізінде басқару және нормативті құжаттар тобы жасалған.
Олар жалпы кемелік, технологиялық жабдық қолданысын және олардың
қауіпсіздігі мен сенімділігі жұмысын қажет ететін жүйесін регламенттейді.
     Технологиялық жабдық кешеніне төмендегілер кіреді:
     •	 Ұңғыманың бұрғылау жабдығы;
     •	 Бұрғылау сұйығын дайындау, беру, ауырлату, регенерациялау және

          бұрғыланған жыныстан сақтау жабдығы;
     •	 Ұңғыманы бекітудегі цементті сұйықты дайындау мен ұңғымаға айдау

          жабдығы;
     •	 Ұңғымада электрометрлік және каротажды жұмыстарды өндіруші

          жабдықтар;
     •	 Суасты құйылыс жабдығы;
     •	 Ұңғыманы игеруші жабдық;
     •	 Көмекші жабдық (жүк көтергіш кран, тельтер, кіші механизация

          жабдығы);
     •	 Теңіз ластауын болдырмайтын жабдық;
     •	 Ұңғыма құрылысының технология үдерісін басқару және бақылау

          жүйелері;
     Жауапкершілік пен қауіптілік дәрежесіне сәйкес бұрғылау жұмыс орын-
дары бұрғылау ұңғымаларының аймағын құрайтын зоналарға бөлінеді:
ұңғыма сағасы (құйылысы), бұрғылау сұйықтығы бар резервуарлар, бұрғылау
сұйықтығының айналмалы жүйесі, бұрғылау сораптарын, вибросит, құм және
тұнба айырғыштар, дегазатор және басқа механизмдерді қоса алғанда.
     Класс және зонаға байланысты механизм немесе жабдық түрін орындау мен
орналастыруға белгілі бір талаптар қойылады.
     Өздігінен көтерілетін жүзбелі бұрғылау қондырғыларындағы бұрғылау
мұнарасының желкендігі кішірейтілген болуы керек. Ол жалпы желкендікті
төмендетеді және қондырғыға түсетін ауырлықты азайтады. Мұнараларды
жоғарғы кронблок екі немесе бәр жазықтықта қозғала алатындай етіп жасай-

         94

МАЗМ¦НЫ
   89   90   91   92   93   94   95   96   97   98   99