Page 96 - indexf
P. 96

бункерлерден, гидроараластырғыш, жүкті түсіру бункерінен, циклондар мен
КИП, сығылған ауа құбырлары мен желдету құбырынан тұрады. Осы құрылғылар
жиынтығы ілмекті арматурасы бар құбырмен жалғастырылып, бұрғылау және
цементті сұйықтарды дайындау үшін борпылдақ материалдардың тасымалын
қамтамасыз ететін біртұтас технологиялық схеманы құрайды.

     Ұнтақ материалдар бункерлерге сығылған газ көмегімен беріледі. Бун-
керлер ұнтаққа ауа жіберуге арналған резиналы қақпақ жабдықталған. Ол
құбыр арқылы жүк түсіру бункеріне түсіп, сонда ауа ұнтақтан ажыратыла-
ды. Ұнтақтың аса жеңіл бөлшектері ауамен бірге циклонға түседі, сонда ауа
шаңнан тазартылып, атмосфераға жіберіледі, ал циклонда жиналған ұнтақ пе-
риодты түрде мешокқа жүктеліп, борпылдақ материалдар қоймасына беріледі.
Ұнтақтың түсуі мен жұмсалуы таразы – бункерлер арқылы бақыланып отыра-
ды. Пневмотранспорттық құбырлы жүйесі су келген бункерден борпылдақ ма-
териалдарды бұрғылау сұйығын дайындау құрылғысына жеткізуін және бункер
араларында орын ауыстыруын қамтамасыз ететіндей орындалған.

     Бұрғылау сұйығын дайындауда бентонит немесе барит жүк түсіру бункерінен
гидроалмастырғышқа беріледі, онда дайындалған сұйық (ерітінді) қосалқы не-
месе жұмысшы сыйымдылықтарға жіберіледі.

     Ғимаратта цементтеуші құрылғы орнатылған. Құрылғы сорапты агрегаттар-
дан, сұйықтық дайындау қондырғысынан, манифольд және ұңғыманы цемент-
теу үдерісін басқару пультінен тұрады.

      4.3 Өздігінен көтерілетін жүзбелі бұрғылау қондырғыларын жаңа
                                        нүктеге жеткізу

     ӨК ЖБҚ-ны жаңа нүктеге апарып жеткізу – өте жауапкершілікті операцияның
бірі. Көп ӨК ЖБҚ өздігінен жүрмейді. Оларды бір орыннан екінші жерге жеткізу
үшін арнайы буксирлеу кемелері қолданылады.

     Буксирлеудің: қысқа жерге және ұзақ жерге жеткізу сияқты екі түрі бо-
лады. Қысқа жерге жеткізу 12 сағатқа дейін созылады және аса ауа райының
қолайлығы кепілдігін қажет етпейді.

     Аса ұзақ жерге апару 12 сағаттан көп уақытты алады және тек қана ауа
райының жақсы қолайлы кезеңінде орындалады (жел, толқынның болмауы).
Эксперементті зерттеулермен қабылданған, буксирлеу кедергісі – жалпы судың
80% кедергісін, ал 20% толқын кедергісін құрайды.

     Тасымалдау алдында жеткізу жобасын, буксирлеу жылдамдығын өлшейді,
содан кейін барлық қауіпсіздік шараларын жүргізеді (барлық ашық жабдықтар
бекітіледі, т.б).

     Өздігінен көтерілетін – теңіз бетінде платформаны көтеру және түсіру
оның өзінде орналасқан домкраттар және шоғырдың тросты жабдықтарымен
жүргізілетіні.

     ӨК ЖБҚ үлкен тереңдіктерде тиімді қолдануға қатысты негізгі кедергілерге:

         96

МАЗМ¦НЫ
   91   92   93   94   95   96   97   98   99   100   101