Page 95 - indexf
P. 95

ды, сонда бірнеше ұңғыны бұрғылауға болады. Өздігінен көтерілетін жүзбелі
бұрғылау қондырғысындағы бұрғылау мұнарасы жердегі мұнараға қарағанда
тербеліс пен дауылды желді есепке ала отырып, инерциялық жүктемеге есеп-
телген. Қондырғының орнықтылығы мен беріктігін арттыру үшін тартып қою
жабдықтары орнатылмайды. Осы талаптарға байланысты өздігінен көтерілетін
жүзетін бұрғылау қондырғысының мұнараларының құрылысы мен беріктігі
жердегіден ерекшеленеді.

     Өздігінен көтерілетін жүзбелі бұрғылау қондырғыларының корпусын суға
түсіріп, ұңғыма астынан шығару үшін роторлы-лебедкалы блокты мұнарамен
бірге шетке қозғалту керек болады. Негізінде мұнара астындағы алаңды барлық
құрылғылармен бірге қондырғы айналасында қозғала алатындай етіп жасайды.

     Бұрғылау сұйығын дайындайтын құрылғының құрамы мен орналасуы әр
түрлі болуы мүмкін. Ол қабылданған сұйық пен материалды жасау технология-
сына байланысты. Шетелдерде жуу сұйықтарын дайындау үшін ұнтақ заттарды
кеңінен қолданады. Оны дайындау әлдеқайда қарапайым және Ресей бұрғылау
қондырғыларының ажыратылмас бөлігі – саз араластырғыш қондырғысы
қажетсіз болады. Құрылғылары негізгі корпусты орналасқан өздігінен
көтерілетін жүзбелі бұрғылау қондырғыларында корпус бұрғылау сораптары,
саз араластырғыш, гидроциклондар мен сұйық сақтайтын сыйымдылықтар ор-
наластырылады. Құрғақ материалдар мен цемент қорларын сұйықтың дайын-
дайтын орынның жанынан арнайы бағытталады да, палубадағы арнайы бункер-
лерде болады.

     Басты палубада 120 м3 сыйымдылықты жұмысшы сыйымдылықтар бло-
гын қосатын айналмалы жүйесін орналастырады. Блоктарда мыналар құрылған
өнімділік 50-60 л/с бұрғылау сұйығын тазартатын қосарланған вибросит,
бұрғылау сұйығын газсыздандыратын вакуумды дегазатор, араластырғышқа
су мен сұйықты жіберуші шламды сораптар, механикалық араластырғыш,
гидравликалық араластырғыш болады.

     Сонымен қатар кранға қызмет көрсету алаңында бұрғыланған жыныс шла-
мын жинауға арналған арнайы контейнерлер орнатылған. Ол шлам жағаға
жіберіледі. Портал астындағы алаңда мыналар орнатылған: екі плашкалы пре-
венторды іске қосушы шығарып тастауға қарсы қондырғы, әмбебап превентор,
превенторлар мен жапқыштарды гидробасқару, манифольд; превентор плашка-
ларын ашып-жабудың апаттық жетегі және гидравликалық басқару құбырлары.
Манифольд превенторлары мен жабқыштары екі дистанциялық пульт арқылы
басқарылады: бұрғылау алақанынан бөлек орналасқан негізгі пульт және
бұрғышы постында көмекші пульт орнатылған.

     Трюмдарда сыйымдылық қорлар бөлімінде – бұрғылау сұйығының
сыйымдылық қорлары, сорап бөлімінде – үш У87 – М2 бұрғылау сорабы, екі
шлам сорабы және 9МГР сорабы орналастырылған.

     Ұнтақ материалдарды сақтау орнында бетонит барит және цементті сақтау
және тасымалдау құрылғылары орнатылған ол сақтау бункерлерінен, таразы –

         95

МАЗМ¦НЫ
   90   91   92   93   94   95   96   97   98   99   100