Page 10 - indexf
P. 10

АЛҒЫ СӨЗ

    Аристотель атап өткен «өмірдің өзі талап ететін қозғалыстың»
барлығы, яғни адамның күнделікті өмірде орындайтын көптеген түр-
лі қарапайым қозғалыстарынан бастап, спорттық практикада кездесе-
тін күрделі сипаттағы жаттығуларға дейін жалпы физиологиялық
заңдылықтарға бағынады. Соның ішінде, итальяндық физиолог
А. Моссо «дене жаттығулары көптеген дәрі-дәрмектің орнын алмас-
тыра алады, бірақ бірде-бір дәрілік зат дене жаттығуларының орнын
толтыра алмайды», – деп айрықша көрсеткен спорттық шынығудың
физиологиялық механизмін білу аса маңызды.

    Дене тәрбиесі мен спорт түрлерінің физиологиялық негіздері
пәні биология, медицина және спорт ғылымдарының тоғысындағы
салыстырмалы түрдегі жас ғылым болып табылады.

    Пән жоғары оқу орындарында негізгі оқу пәндердің бірі болуымен
қатар әрі ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау барысында алын-
ған нәтижелерге сүйенетін ғылыми пән. Осыған орай пәннің негізгі
мақсаты – адамның дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануына
және функциялық дайындығын басқаруына қажетті жаттығудың
физиологиялық негіздеріне арналған өзіндік білім деңгейін көтеру
барысында білім беру және дағдыландыру. Сондықтан да бұл
оқулықтың болашақ ұстаздар мен жаттықтырушылар үшін маңызы
зор.

    Осы мәселелерді ұсына, іргелі ғылыми еңбектерге сүйене
отырып, бұл оқулық мемлекеттік тілімізде дене тәрбиесі мен
спорт түрлерінің физиологиясының барлық бөлімдері қамтылған
алғашқы толыққанды еңбек ретінде ұсынылып отыр. Сонымен
қатар еуропалық университеттерде өткен ғылыми тағылымдама ба-
рысында ағылшын, итальян тіліндегі импакт факторы бар ғылыми
журналдар мен соңғы жылдардағы заманауи ғылыми жетістіктер
негізге алынып әрі толықтырылып жазылды. Оқулықта қазақтың
кейбір ұлттық спорт түрлерімен шұғылданудың физиологиялық
ерекшеліктері берілді.

           10

⇐ МАЗМҰНЫ
   5   6   7   8   9   10   11   12   13   14   15