Page 12 - indexf
P. 12

ететін түрлі мүшелер мен жүйелерде қалыптасатын қайта құрылулар
жүреді. Дегенмен, физиологиялық жүйелерде орын алған арнайы
өзгерістер біркелкі болмайды.

    Пәннің негізгі міндеті түрлі спорттық әрекет кезіндегі жеке
жүйелердегі, сондай-ақ біртұтас организмде пайда болатын
өзгерістердің, физиологиялық реакциялардың тек қана сандық емес,
сапалық та сипаттамасын беру болып табылады. Қарқынды бұлшық
ет белсенділігі кезінде организмде пайда болатын өзгерістердің
физиологиялық механизмдерін білу, денсаулықты сақтай оты-
рып дене жұмыс қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік беретін
жаттығуларды дұрыс бағалауға және тиімді жоспарлауға үйретеді.
Бұл пәнде организмнің қызметтік қорларына және бұлшық ет
жүктемелеріне бейімделуінің физиологиялық механизмдеріне ерек-
ше назар аударылады.

    Спорттық әрекет алуан түрлі, сондықтан дене жаттығуларын
жіктеу қажет. Бұл спорттық жаттығуларды жалпы физиологиялық
сипаттамасына қарай топтарға біріктіруге мүмкіндік береді.
Болашақ жаттықтырушыға организмнің спорттық әрекет кезіндегі
физиологиялық күйін, қоршаған ортаның әртүрлі жағдайларына
бейімделу ерекшеліктерін білу түрлі жағдайларда спортшыларды
жарыстарға даярлау барысында акклиматизация механизмдері мен
сипатын ескере отырып, дене жүктемелерін дұрыс жоспарлауға
мүмкіндік береді.

    Сондай-ақ пәннің маңызды міндеттерінің бірі организмнің
дене жүктемелеріне физиологиялық бейімделуін біле отырып,
спортшының неғұрлым жоғары қызметтік мүмкіндіктерге жетуін
қамтамасыз ететін жүйелі түрде өткізілген жаттықтыру нәтижесінде
туындайтын түрлі мүшелер мен жүйелер қызметіндегі өзгерістер
механизмдеріне сипаттама беру болып табылады.

    Дене шынықтыру мұғалімінің спорттық жаттықтыру кезінде
организмде туындайтын арнайы физиологиялық бейімделу
өзгерістеріне аса мән бере отырып, мамандануы әртүрлі спорт-
шылар мен спортпен шұғылданбайтын тұлғалардың тыныштық
күйдегі, стандартты және шекті дене жүктемелерінің әсері кезіндегі
физиологиялық көрсеткіштерді білуі өсіп келе жатқан ұрпақтардың
арасындағы дене тәрбиесі бойынша жұмыс сапасын жоғарылатуға
жағдай жасайды. Сонымен қатар спорттық нәтижелердің жылдар ба-
рысында арта отыруымен қатар, олардың әлеуметтік-экономикалық
жағдайлармен тығыз байланысын америкалық ғалымдар жүргізген
зерттеулер нәтижелерінен байқауға да болады (1-сурет).

                                       12

⇐ МАЗМҰНЫ
   7   8   9   10   11   12   13   14   15   16   17