Page 14 - indexf
P. 14

Қорытындылай келе, дене тәрбиесі мен спорт түрлерінің
физиологиялық негіздері пәнінің негізгі мақсаты – адамның
дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануына және функциялық
дайындығын басқаруға қажетті дене шынықтыру тәрбиесінің
физиологиялық негіздеріне арналған өзіндік білім деңгейін көтеру
бойынша білім беру және дағдыландыру.

    Дене тәрбиесі мен спорт түрлерінің физиологиялық негіздері
пәнінің негізгі міндеттеріне:

    1. Дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану кезіндегі
жұмысқа қабілеттілікті арттыру, денсаулықты күшейту
негізінде жатқан физиологиялық механизмдер туралы ғылыми
дүниетанымдылықты қалыптастыру;

    2. Дене шынықтыру құралдары, әдістері және қоршаған
орта факторлары арқылы оптималды дене жұмыс қабілеттілігін
сақтау мақсатында барлық адамдардың бойында қимыл қорын
қалыптастыру бойынша физиологиялық білім беру;

    3. Физиологиялық ақпараттарды бағалау негізінде дене
шынықтырумен шұғылданатын тұлғалар мен шәкірттерде дене
жүктемелеріне төтеп беруді бақылаудың физиологиялық әдістерін,
оқыту-шынықтыру үдерістерін және дайындықты басқару
құралдарын қолдану бойынша дағдыларды қалыптастыру;

    4. Спорттық дайындықтың, дене сапаларының және спорттық
нәтижелердің дамуын анықтайтын және шектейтін факторлар тура-
лы білім беру;

    5. Әртүрлі қарқынды және биоэнергиялық бағытты дене
жаттығуларының жыныс пен жасқа сай организмге әсер етудің
ерекшеліктерін дұрыс бағдарлауға үйретіп, бұл білімдерін оқыту
шынықтыру және дене шынықтыру сабақтарын жоспарлау кезінде
қолдану;

    6. Шынықтыруды дамытудың ерекшеліктерін білу және оны
анықтаудың әдістерін тыныштық күйде, стандартты және шекті-
қарқынды жүктемелерді орындау кезінде қолдана білу жатады.

    Жоғарыда көрсетілген пән міндеттерін саралай келе, дене
тәрбиесі мен спорт түрлерінің физиологиясының негіздері пәні
қолданбалы ғылымдар қатарына жатумен қатар, профилактикалық
ғылым да болып табылады.

    Сонымен, аталмыш пән оқу және ғылыми пән ретінде:
    1. Адам денсаулығын нығайту заңдылықтарын физиологиялық
негіздеу;

                                       14

⇐ МАЗМҰНЫ
   9   10   11   12   13   14   15   16   17   18   19