Page 11 - indexf
P. 11

І тарау
        Дене тәрбиесі мен спорт түрлерінің
     физиологиялық негіздері пәні туралы
         түсінік, мақсаты және міндеттері

    Дене тәрбиесінің физиологиялық ерекшеліктерін білу мен
жоғары спорттық нәтижелерге жету бірлігі ешкімнің күмәнін туды-
ра қоймас.

    Дене тәрбиесі мен спорт түрлерінің физиологиялық негіздері
– жоғары оқу орындарында «Дене тәрбиесі мен спорт» мамандығы
бойынша негізгі оқу пәндердің бірі әрі ғылыми-зерттеу жұмыстарын
орындау барысында алынған нәтижелерге сүйенетін ғылыми пән
де болып табылады. Бұл пәнде негізгі назар спорттық әрекетке
негізделген адамның бұлшық ет қызметінің физиологиясына ауда-
рылады. Мұндай мәселелерге, ең алдымен, әртүрлі спорттық әрекет
түрлерінің физиологиялық сипаттамасы мен спорттық жаттықтыру
кезіндегі организм бейімделуінің физиологиялық механизмдері жа-
тады.

    Қазіргі кезде еуропалық ғалымдар спорт физиологиясына
негізделген зерттеулерді іргелі және қолданбалы зерттеулер деп
қарастырады.

    Іргелі ғылымдар ретінде дене жаттығулары гомеостаздың елеулі
өзгерістерін тудыратын жағдай болып саналатындықтан физио-
логия ғылымын тереңірек бойлай түсінуге мүмкіндік береді, яғни
организм қызметінің реттелу механизмдерін толық ұғыну үшін
таптырмас құрал. Қолданбалы зерттеулер ретінде физиологияны
дене жаттығуларының табиғатын терең түсіну үшін қолданады.
Денсаулықты және (немесе) реабилитацияны арттыру, жұмысқа
қабілеттілікті, дене сапаларын (күш, төзімділік) жоғарылату үшін
жаттықтырудың тиімді жолдарын қарастырады.

    Адамның күнделікті өмірде орындайтын көптеген түрлі
қарапайым қозғалыстарынан бастап, спорттық практика-
да кездесетін күрделі сипаттағы жаттығулардың барлығы жалпы
физиологиялық заңдылықтарға бағынады. Дене жүктемелері түрлі
мүшелер мен жүйелерде айтарлықтай өзгерістер тудырады, яғни адам
организмі бұлшық ет әрекетіне бейімделеді. Дене жүктемелерінің
ұзақ мерзімде ықпал етуінен спортшылар организмінде спорттық
жаттығулар немесе дене шынықтырумен шұғылданған кезінде орын-
далатын қарқынды жұмыстарға оңтайлы бейімделуді қамтамасыз

                                       11

⇐ МАЗМҰНЫ
   6   7   8   9   10   11   12   13   14   15   16