Page 15 - indexf
P. 15

2. Жоғары спорттық нәтижелерге жетуге бағытталған, әсіресе,
үлкен спорттағы шараларды физиологиялық негіздеу сияқты екі
негізгі проблеманы шешеді.

    Мәселен, 2-суреттен әлемдік спорттық нәтижелердің
географиялық орындар мен жылдарға байланысты жоғарылау ди-
намикасын байқауға болады. Олимпиадалық ойындар бойынша
Солтүстік Америка мен Батыс Еуропа алғашқы орындарда болса, ал
Африка елдері соңғы қатардан орын тепкен.

           жыл

 2-сурет. Географиялық орындар мен жылдарға байланысты әлемдік
рекордтар үлесі (Geoffroy Berthelot, Adrien Sedeaud, Marion Gluillame,

             Jean-FrancoisToussaint. Scientific American, 2013)

    Бұл мәліметтерден (1, 2-суреттерден) спорттық нәтижелердің
елдің экономикалық жағдайымен қатар, спортқа көңіл бөлінумен
де аса тығыз байланысты екендігін байқаймыз. Осы тұрғыда соңғы
уақыттары Қазақстан спортшыларының жетістіктері дүниежүзіне
танылды, отанымыздың мәртебесі биіктеп бүкіл әлемге жайыл-
ды. Бірақ жетістіктермен қатар көптеген кемшіліктер де бар екені
және ол тек спортпен шұғылданушылар мен спорт саласындағы
жаттықтырушылардың ғана мәселесі емес, бұл физиологиялық әрі
медициналық көзқарасты талап ететіндігі сөзсіз. Осы тұрғыдан алып
қарағанда да «дене тәрбиесі мен спорт түрлерінің физиологиялық
негіздері» ғылымының маңызы зор.

                15

⇐ МАЗМҰНЫ
   10   11   12   13   14   15   16   17   18   19   20