Page 389 - indexf
P. 389

Жоғары жүйке қызметінің жасқа байланысты ерекшеліктері

    Балалар дамудың жас кезеңдерінің жеке сатыларында жоғары
жүйке қызметінің арнайы ерекшеліктерімен сипатталады.

    Бастауыш мектеп жасында жоғары жүйке қызметінің жетілуі
тән. Бұл кезеңде жүйке үдерістерінің күші мен жылдамдығы артады,
ішкі тежелу күшейеді, нәтижесінде қозу мен тежелу үдерістерінің
өзара әсері мектеп жасына дейінгі балаларға қарағанда жоғары тепе-
теңділікпен (салмақтылықпен) сипатталады. Оларда шартты мен
өшу сияқты ішкі тежелулер түрлері 5-7 жастағы балаларға қарағанда
айтарлықтай жылдамырақ түзілетіні байқалған. Мысалы, шартты
тежелу 5 жастағы балаларда 30 рет бекітілмей барып бірақ түзілсе,
ал 12 жастағы балаларда 4 рет бекітілмеген соң түзіледі.

    Бастауыш мектеп жасында шартты рефлекстік байланыс
түзу қабілеттілігі жоғарылайды. Мәселен, 10-12 жастағы ба-
лаларда қарапайым (жай) тітіркендіргіштерге сияқты күрделі
тітіркендіргіштерге де оң шартты рефлекстер жедел қалыптасады
және айтарлықтай тұрақтылықтарымен сипатталады. Осылармен
қатар балаларда рефлекстік реакциялар көбіне жайылған сипатта
болады. Бұл – қозу үдерісінің айқын иррадиациясының нәтижесі.
Осының салдарынан ішкі тежелу күші әлі жеткіліксіз, ересектерге
қарағанда дифференциациялау (ажырату) қиынырақ қалыптасады.
Аса күшті әсер еткен кезде балаларда шектен тыс тежелу салыстыр-
малы жылдам дамиды.

    10-12 жаста ересектерге тән, яғни секундына 10-12 тербеліс
болатын мидың биоэлектрлік белсенділігінің альфа-ырғағы
жиілігі көрінеді. Сонымен қатар балалар электроэнцефалограм-
масы айтарлықтай вариабелдікпен сипатталады, мидың түрлі
аймақтарында электрлік белсенділік жиіліктерін таратуда едәуір
айырмашылықтар байқалады.

    Бастауыш мектеп жасында сөйлеу қызметі белсенді жүреді, ойлау
қарқынды дами бастайды, бірінші және екінші сигналдық жүйелердің
өзара байланысы жетіле түседі. Сөздік ақпарат неғұрлым нақтырақ
және толық болады. Тітіркендіргіш ретінде сөз бен қозғалыс қызметі
арасында уақытша байланыстар күшейе түседі. Осының арқасында
өз қозғалыстарын тереңірек әрі алуан түрлі сөзбен жеткізу қабілеті
жоғарылайды.

    Дене тәрбиесі мен спорттық жетілдіру сигналдық жүйелердің

           389

⇐ МАЗМҰНЫ
   384   385   386   387   388   389   390   391   392   393   394