Page 390 - indexf
P. 390

барынша нәзік өзара қатынастарына әкеледі және сөз бен ойлаудың
қозғалыс қызметіне ықпалын кеңейтеді.

    Жасөспірімдік жас (орта буын) жыныстық жетілуге сай
бой мен дене дамуының қарқынды дамуына сәйкес келеді. Бұл
үдеріс қыздарда 11-12 жас, ал ұлдарда 13-14 жастарда басталады.
Жыныстық жетілу үдерісіне байланысты:

    1-фаза – препубертанттық немесе жыныстық жетілу алды кезеңі;
    2-фаза – жыныстық жетілудің күшеюі мен сыртқы белгілерінің
көрінуімен сипатталатын пубертантты (жыныстық жетілу кезеңі);
    3-фаза – жоғары мектеп буын жасында жалғасатын жыныстық
жетілудің аяқталуымен байланысты постпубертантты (жыныстық
жетілуден кейінгі) кезеңдер деп 3 фазаны бөліп қарастырады.
    Жасөспірімдік шақ бірнеше айрықша ерекшеліктерімен си-
патталады. Жасөспірімдерде қозу үдерістері басымырақ болады,
дифференциациялық тежелу едәуір нашарлайды, тітіркенуге шарт-
ты рефлекстік реакциялар азырақ адекватты (барабар) келеді және
барынша айқын көрінетін «екпінді, ағынды, қызулы» сипат тән.
Осымен бір жағынан, жасөспірімнің қимыл әрекеттерінің қажет
емес бұлшық еттердің жиырылуымен қосымша қозғалыстарының
көп болуымен жиі ерекшеленуі түсіндіріледі. Бұл жастағы бала-
ларда шартты рефлекстер мен ажыратудың (дифференциалдаудың)
түзілуінде уақытша қиындықтар байқалуы мүмкін.
    Жасөспірімдер қуаныштан жабырқаңқылыққа (көңілсіздікке)
немесе керісінше қуанышты күйге тез ауысуымен көрінетін
психикалық тұрақсыздықпен сипатталатын мінез-құлықтарындағы
жоғары эмоциялық күймен ерекшеленеді. Бұл өзгерістер уақытша
сипатта болады, аталмыш жас кезеңіне тән нейро-гуморалдық
өзгерістердің салдары болып табылады.
    Жыныстық жетілу кезеңі ретінде жасөспірімдік жас жы-
ныс бездерінің ішкі секрециялық қызметтерінің белсенуімен
ерекшеленеді. Гипофиз бен қалқанша бездермен жыныс бездерінің
өзара әсерлесуінен алдыңғы балалық шаққа тән организмдегі
нейроэндокриндік және нейро-гуморалдық қатынастар өзгеріске
түседі.
    Кәмелеттік (жігіттік) немесе жоғары мектеп жасына өту жоғары
жүйке қызметінің әрі қарай жетілдірілуімен байланысты. Ми
қыртысының анализ-синтездік қызметтерінің деңгейі жоғарылайды,
жалпылау қызметі күшейеді, сөз сигналдарының рөлі артады, сөздік

           390

⇐ МАЗМҰНЫ
   385   386   387   388   389   390   391   392   393   394   395