Page 391 - indexf
P. 391

тітіркендіргіштерге латенттік кезең азаяды. Ішкі тежелу күшейеді,
жүйке үдерістері барынша тепе-теңділікпен, салмақтылықпен си-
патталады. Ми қыртысының электрлік белсенділігінің қалыптасуы
аяқталады, 17-18 жаста оның қызметі жеткілікті дәрежеде жетіледі.

Зат және энергия алмасудың жасқа сай ерекшеліктері

    Мектеп жасындағы балалардың зат алмасу үдерістерінің
ерекшеліктері түзілген энергияның ересектерге қарағанда одан
да айтарлықтай үлесінің организмнің өсу және даму үдерістеріне,
яғни пластикалық алмасуға жұмсалуында болып табылады. Осыған
орай, спорттық шынығу кезіндегі энергия шығыны тек сол энер-
гия көздерін толтыру қажеттілігімен ғана шектелмей өсу және даму
үдерістерімен де байланысты келеді.

    Белок алмасу. Ересектерге қарағанда балалар организмінің
белокқа қажеттілігі жоғары. Неғұрлым бала кіші болған сайын,
соғұрлым өсу үдерісі қарқындырақ жүруге сәйкес белокқа қажеттілік
те артады (19-кесте).

    Мәселен 4-7 жастағы балалардың 1 кг салмағына 3,5-4 г, 8-12
жастарда – 3 г, 12-15 жастарда 2,5-3,5 г, ал ересектерге – 1-1,5 г белок
қажет. Себебі балаларда белок синтезі белоктың ыдырау үдерісіне
қарағанда басымырақ келеді. Өсіп келе жатқан организм үшін оң
азотты баланс тән, яғни организмге түсетін тағам құрамындағы
белоктағы азот мөлшері зәрмен бөлініп шығатын азот мөлшерінен
артық болады.

                                             19-кесте

           Белоктың тәуліктік қажет мөлшері

Адамның жасы                  Белок мөлшері, г/кг

2-3 айдан 1 жасқа дейін       4,0-5,0

2-3 жас                       3,5-4,0

12-15 жас                     2,5-3,5

15-17 жас                     2,0-3,0
17-21 жас                     1,5-2,0
21-50 жас                     1,0-1,3

                         391

⇐ МАЗМҰНЫ
   386   387   388   389   390   391   392   393   394   395   396