Page 388 - indexf
P. 388

(Алиакбарова 1995), 1950 жылдары ол көрсеткіштер 146,6 см, 37,03
кг, 70,67 см (Шәкенов, 1960) болған.

    Өсу мен даму акселерациясының бірнеше белгілері бар:
    4)	Жаңа туған нәрестелердің ірі болуы (1970-1980 жылдары Ал-
матыда туған нәрестелер 1950-1955 жылдары туған нәрестелерден
3-4 см ұзын, 0,4-0,5 кг ауыр);
    5)	Белгілі бір жас мерзімінде балалар мен жастардың денесінің
ірі болуы (жоғарыдағы Мәскеу мен Алматы қаласындағы оқушылар
мәліметтері);
    6)	Ерте жыныстық жетілу (қазіргі жастарда жыныстық
жетілу белгілері 1,5-2 жыл ерте басталып, ерте аяқталады; оның
белгілері:мысалы, (жоғарыдағы Ленинград (қазіргі Санкт-Петер-
бург) оқушылары мәліметтерін қараңыз) қыздардың етек кірінің 10-
12 жаста басталып, сүт бездерінің ерте жетілуі, жамбас сүйектерінің
өсуі);
    7)	Баланың сүйегі ерте қатады (сүйектің қатуының белгісі:
баланың сүт тістері 1-2 жыл ерте шығып, тұрақты тістері пайда бо-
лады, маңдай еңбегі ерте жабылады – қазіргі кезде баланың маңдай
еңбегінің 9-10 айда жабылуы қалыпты жағдай деп есептеледі);
    8)	Жастардың бойының өсуі ерте тоқталады: қалыпты
жағдайларда жігіттерде 22-24 жаста (25 жасқа дейін), қыздарда 20-
20 жаста (23 жасқа дейін) бойының өсуі тоқталса, акселераттарда
өсу 2 жылдай бұрын аяқталады, яғни жігіттердің бойы 20-22 жаста,
қыздардың бойы 18-20 жаста өсуін тоқтатады.
    Даму үдерісі жылдамдаған акселерат-балалармен қатар дене да-
муы мен жыныстық жетілуі кешеуілдеген, баяу дамитын ретардант-
балалар да бар. Сондықтан бір күнтізбелік жастың биологиялық
жағынан әртүрлі балалар контингентін біріктіруі сирек жағдай емес.
    Дене тәрбиесі мен спорттық жетілдіру үдерісінде спортпен
шұғылданушылардың тек күнтізбелік жасын ғана емес олардың
биологиялық жасын, дамуының жеке-дара ерекшеліктерін де ескеру
қажет.

        Физиологиялық қызметтің жасқа сай ерекшеліктері

    Организмнің өсуі мен қалыптасуы, оның сыртқы ортамен өзара
әсерінің тиімділігі көбінесе, жүйке жүйесінің дамуына, ең бастысы
оның жетекші бөлімі – ми қыртысына байланысты.

                                      388

⇐ МАЗМҰНЫ
   383   384   385   386   387   388   389   390   391   392   393