Page 392 - indexf
P. 392

Пайдаланылған белоктардың санымен қатар сапасы да маңызды.
Белоктардың толық құндылығы синтезделуге қажетті амин.
қышқылдарының болуымен анықталады. Организмге ауыстырыл-
майтын амин қышқылдарының жеткілікті дәрежеде түсуінің мәні
айтарлықтай зор. Белок тапшылығы бала организмі дамуын баяу-
латады. Ал спортпен шұғылданатын балаларда, әсіресе, бұлшық ет
массасының елеулі артуы жағдайларында белокқа қажеттілік 1,5-2
есе жоғарылайды.

    Май алмасу. Май және май тәріздес заттар өсу үдерісінде
айтарлықтай рөл атқарады. Олардың жүйке жүйесінің морфология-
лық және функциялық жетілуінде маңызы аса зор. Сонымен қатар
майлар жасуша мембранасының түзілуіне қажет. Дененің 1 кг
салмағына майдың тәуліктік нормасы 5-6 жаста – 2,5 г, 10-11 жаста
– 1,5 г, 16-18 жаста – 1 г-ды құрайды.

    Майларды артық қолдану салдарынан олар қорға жиналуы
мүмкін. Әсіресе, олардың көбі организмде қозғалыс белсенділігі аз
болған жағдайларда қорға жиналады. Майлардың артық мөлшері
зат алмасу, ас қорыту үдерістерінің бұзылуына әкеліп, дене дамуына
теріс ықпал етеді. Балаларда май алмасу тұрақсыз сипатқа ие.

    Көмірсу алмасуы. Балаларда көмірсу алмасуының қарқынды-
лығы жоғары келеді. Бұл оларда көмірсулардың тек негізгі энер-
гия көзі болып қоймай, сонымен қатар жасуша қабырғасымен
бірге дәнекер ұлпасының түзілуін қамтамасыз ететін маңызды
пластикалық (құрылымдық) қызмет атқаруымен байланысты
(20-кесте).

                                                                            20-кесте
                 Көмірсудың тәуліктік қажет мөлшері

Адамның жасы                Көмірсу мөлшері, г/кг

6 айдан 1 жасқа дейін       113
        1-1,5 жас           160
        1,5-2 жас           192
         3-4 жас            233
         5-6 жас            252
        7-10 жас            324
       11-13 жас            382
        жігіттер            422
         қыздар             367

                       392

⇐ МАЗМҰНЫ
   387   388   389   390   391   392   393   394   395   396   397