Page 393 - indexf
P. 393

Балалар тәулігіне тағаммен 4-7 жаста – 280-300 г, 8-13 жаста –
350-370 г, 14-17 жаста 450-470 г көмірсу қабылдау қажет.

    Ересек адамдарға қарағанда балаларда көмірсу алмасуының
реттелуі азырақ жетілген. Бұл көмірсу ресурстарының неғұрлым
баяу мобилизациясымен, сонымен қатар жұмыс кезінде
көмірсу алмасуының қажетті қарқындылығын сақтап тұруда
аз қабілеттілігімен көрінеді. Мәселен, 500 м жүгіру, 5 км кросс
сияқты қызу спорттық әрекеттер кезінде ересектерге қарағанда
жасөспірімдер мен бозбалаларда қандағы қант деңгейі жиірек
төмендейді. Әсіресе, бұл ұзақ уақытта орындалатын монотон-
ды (бірсарынды) жаттығуларға тән. Эмоцияға қанық, сезімге бай
сабақтар, сан алуан ойын жаттығуларын қолдану қандағы қанттың
қалыпты деңгейінің сақталуына әкеледі.

    Су және тұз алмасу. Су бала денесі массасының 80%-ға жуығын
құрайды. Организмнің дамуы барысында су мөлшері ересектердегі
мөлшерге (дене массасының 68-72%-ы) дейін азаяды. Неғұрлым
бала кіші болған сайын соғұрлым ол тез дамитындықтан оның суға
деген қажеттілігі де арта түседі. Мәселен, суға тәуліктік қажеттілік
1 кг дене массасына шаққанда 6 жаста 100-110 г, 14 жаста – 70-85 г,
18 жаста – 40-50 г-ды құрайды. Жас артқан сайын тұтынатын судың
салыстырмалы мөлшерінің азаюына қарамастан оның абсолюттік
мөлшері артып отырады. Бұл жас өскен сайын бала денесінің
массасының артуымен байланысты. Сондықтан тәулігіне пайдалана-
тын судың жалпы мөлшері ересектерге қарағанда балаларда азырақ
болады. Мысалы, бұл көрсеткіш ересектерде 2200-2500 мл болса,
ал 6-10 жастағы балаларда 1600-2000 мл-ды құрайды. Балаларға
суды жылдам жоғалтып және оны тез қорға жинау қабілеті, яғни
жоғары гидролабилділік қасиет тән. Бұл су алмасуының жүйкелік
және гуморалдық (эндокриндік) реттелуінің жеткілікті дәрежеде
жетілмеуі негізделеді.

    Минералдық заттардың, олардың ішінде ең бастысы каль-
ций мен фосфор сүйек ұлпаларының қалыптасуында маңызы
зор. Ол заттарға қажеттілік қарқынды өсу кезеңдерінде, әсіресе,
жасөспірімдердің жыныстық жетілу кезеңінде арта түседі. Мысалы,
кальцийге тәуліктік қажеттілік 6-7 жаста 0,3-0,5 г, ал жоғары мектеп
жасындағы оқушыларда 1,0 г болады.

    Организмнің қалыпты дамуы үшін минералдық заттардың тек
абсолюттік мөлшері ғана емес, олардың қатынасы да маңызды.

           393

⇐ МАЗМҰНЫ
   388   389   390   391   392   393   394   395   396   397   398