Page 494 - indexf
P. 494

қажет. Жасөспірімдерді жаттықтыру кезінде, әсіресе, 3-топтың ой-
ындарымен шұғылданатындарында жалпы дене дайындығының
маңызы зор.

    Футбол, баскетбол, волейбол, хоккей, гандбол, теннис тәріздес
спорттық ойындар қозғалыстың алуан түрлілігімен сипаттала-
ды. Олар жүгіруді, секіруді, допты орнында тұрып және секіріп
лақтыруды, соққы беруді, түрлі күштік элементтерді және т.б.
қамтиды. Барлық аталмыш қозғалыстар ойыншылардың өзара
әрекеті жағдайларында орындалады. Қозғалыстың құрылымы мен
оның қарқындылығы ойын кезінде үздіксіз өзгеріп отырады.

    Шайбалы хоккей, баскетбол, регби, гандбол және т.б. сияқты
кейбір ойын түрлеріне жаттықтыру үдерісінде көрініс беретін
жылдамдықты-күштік бағыттанушылық тән. Спорттық ойындар
шапшаңдық, күш, ептілік және басқа да дене сапаларын дамытуға
мүмкіндік береді. Ойын түрлеріне байланысты организмдегі
физиологиялық өзгерістер сан алуан келеді.

    Спорттық ойын түрлерінде энергия шығыны алаң мөлшеріне,
ойын темпі мен ырғағына, жекпе-жекке, спортшының біліктілігіне
және олардың жаттығу дәрежесіне тәуелді болып келеді. Мәселен,
волейболшылар мен баскетболистерде энергия шығыны ерлерде
4200-4500 ккал, ал әйелдерде 3600-3800 ккал болады. ОМП баскет-
болшы әйелдерде 44 мл/мин/кг, ер адамдарда – 53 мл/мин/кг тең.
Футболшы ерлерде 58 мл/мин/кг және волейболшы ер адамдарда 57
мл/мин/кг болады. Ойын кезінде тыныс жиілігі (ТЖ) минутына 20-
30-дан 60-ға дейін болса, ӨТС 3500 мл-ден 5000 мл-ге дейін, ал әйел
адамдарда 3000-4500 мл-ге тең келеді. Тыныштық күйде ЖЖЖ 45-
55 екп/мин. болса, шайбалы хоккей ойыны кезінде 160-200 екп/мин.
және одан жоғары, баскетбол, футбол, гандболда 140-180 екп/мин.
және одан да көп мәнге жетуі мүмкін.

    Ойыннан немесе жаттығудан кейін қандағы лактат мөлшері 8-14
ммоль/л және одан да жоғары болады.

    Су добы. Ватерполшылар спорттық плавкилар мен арнайы бас
киімдер киеді. Су добына спортшының басы су үстінде көтеріңкі, есу
қысқарақ болатын кролль әдісімен жүзу техникасы тән. Спортшы-
лар дриблингпен допты алып жүру үшін мұрын жолды су толқынын
пайдаланып, допты баспен қозғайды. Негізгі техникалық тәсілдер
алақан бұрылысымен допты қағып алу, допты аулау және лақтыру.

    Ватерполшылар жұмысы негізінен аэрообты-анаэробты режим-

           494

⇐ МАЗМҰНЫ
   489   490   491   492   493   494   495   496   497   498   499