Page 56 - indexf
P. 56

қорлар жүйесінің қалыптасуына түрткі болып қана қоймай және
ерік, мақсат, нұсқау, құндылық жүйесіне және т.б. байланысты оның
қызмет етуін тоқтатып әрі оны істен шығаруға да әкелуі ықтимал.

    Қызметтік жүйелер теориясына сәйкес адам организмінің жасы-
рын мүмкіндіктерінің жекелей көрінуін қор ретінде бағалау мүмкін
емес. Тек аталмыш қызметтің организмнің тұтас қызметтерінің
нәтижесіне қатысы ғана бейімделу резервтері туралы сөз қозғауға
мүмкіндік береді. Осының салдарынан организм адаптациясы
резервтері анықтамасы организмнің құрылымдық элементтері
функциялық белсенділігінің бейімделу нәтижесіне қол жеткізуге
үлес қоса алатын өзгерістерімен түсіндіріледі.

    Адаптация үдерісінде организмде қызметтік қорлар жүйесі
қалыптасады және жетілдіріле түседі. Ол организмнің бейімделу
деңгейі мен сипатымен, оның жыныстық, жастық және конституци-
ясы ерекшеліктерімен анықталады.

    Қызметтік қорлардың күрделі жүйесін түзетін жеке бөлімдері
бір-бірлерімен өзара әсерлеседі. Олардың кейбірі бір-біріне
жағымды (оң) және жағымсыз (теріс) әсер етіп, яғни қызметтерінің
күшеюіне немесе тежелуіне себепші болса, ал кейбіреулері тек
біржақты ғана ықпал жасайды. Мәселен, талдағыштар жүйесі
қозғалысқа жауап беретін жүйелер қызметін белсендіре әлде
төмендете алуымен қатар ол гомеостазды сақтау жүйелеріне тек
белсендіруші ықпал ғана ете алады. Бұлшық ет жүйесі гомеостазды
сақтау жүйесін белсендірумен қатар (гомеостазды сақтау жүйелері
сияқты) қозғалысты ұйымдастыру жүйелері қызметіне тежеуші әсер
етеді.

    Негізінде организм адаптациясы қосбірлікті үдеріс ретінде
қарастырылуы мүмкін. Бір жағынан, организм ішкі ортаның өмірлік
маңызды константаларын (тұрақты шамаларын) сақтауға бейімделсе,
ал басқа жағынан үнемі гомеостаз өзгерістерінің алдын алу мүмкін
болмағандықтан, организм арнайы қызметті орындауға неме-
се адаптацияның физиологиялық жүйелерінің қорын жұмылдыра
қатыстыру жолымен әсер етуші факторларға бейімделеді.

    Физиологиялық қорлар классификациясы
    Физиологиялық қорлар төмендегіше жіктеледі.
    1. Организмнің құрылымдық және қызметтік деңгейлері бойын-
ша:
    А) жасушалық физиологиялық қорлар – бұлшық ет, жүйке және
т.б;

                                       56

⇐ МАЗМҰНЫ
   51   52   53   54   55   56   57   58   59   60   61