Page 54 - indexf
P. 54

жүйелер үшін ерекше байқалады: ішкі секрециялық жұп бездердің
біреуінің кішкентай ғана бөлігінің өзі организмнің қалыпты күйін
толық қамтамасыз ете алады. Организмнің шексіз және қуатты
құрылымдық қорына тіршілік жағдайларының түрлі өзгерістеріне
оның жасушалары мен ұлпаларының резистенттілігі жатады.

    Физиологиялық қордың көрініс беруінің мысалы ретінде ауыр
дене жүктемесі кезінде жақсы шыныққан адамда минуттық қан
көлемінің 40 л-ге дейін жетуін, яғни 8 есе ұлғаюын және мұндағы
оттегі пайдалану мен көмірқышқыл газын бөліп шығарудың 15
есе және одан да көп жоғарылауына себепші бола отырып, өкпе
вентиляциясының 10 есе артуын айтуға болады. Бұл жағдайларда,
есептеулер көрсеткендей адам жүрегінің жұмысы 10 есеге ұлғаяды
екен.

    Организмнің барлық резервті мүмкіндіктерін А. С. Мозжухин:
    1.	Әлеуметтік қор (психологиялық және спорттық-техникалық);
    2.	Биологиялық қор (құрылымдық, биохимиялық және
физиологиялық) сияқты 2 топқа жіктейді.
    Физиологиялық қордың морфологиялық-физиологиялық негізі
ақпараттың қайта өңделуін, гомеостаз және қимыл мен вегетативті
актілердің координациясы сақталуын қамтмасыз ететін организм
мүшелері, жүйелері және олардың реттелу механизмдері болып та-
былады.
    Автор бойынша физиологиялық қорлар дереу барлығы
бірдей жұмылдырылмайды, керісінше, кезекпен іске қосылады
(физиологиялық қорларды жіктеу 4-топта көрсетіледі). Қорлар
бірінші кезекте, организмнің абсолютті мүмкіндіктерінің 30%-ға
дейін болатын жұмыс кезінде жүзеге асырылады және тыныштық
күйден күнделікті әрекет жағдайына ауысады. Бұл үдерістің
механизмі – шартты және шартсыз рефлекстер. Екінші кезектегі
қосылу, қызу әрекет барысында, көбіне, максималды мүм-
кіндіктердің 30-65%-ына дейін болатын жұмыс (жаттығу, жарыс)
кезіндегі экстремалды жағдайларда жұмылдырылады. Мұнда ор-
ганизм қорларының қосылуы нейрогуморалды ықпалмен, сонымен
қатар ерік күші мен эмоция арқылы жүзеге асады. Үшінші кезектегі
қорлар әдетте, өмір үшін күрес, көбіне, естен танғаннан соң, жанта-
ласу (агония) жағдайларында қосылады. Бұл кезектегі резервтердің
қосылуы шартсыз-рефлекстік жолмен және кері гуморалдық байла-
ныс арқылы қамтамасыз етілуі ықтимал.

           54

⇐ МАЗМҰНЫ
   49   50   51   52   53   54   55   56   57   58   59