Page 55 - indexf
P. 55

Жарыс немесе экстремалды жағдайларда жұмыс кезінде
физиологиялық қор диапазоны төмендейді, сондықтан да
негізгі міндет оны көтеруде болып табылады. Оған организмді
шынықтыру, жалпы және арнайы бағытталған дене жаттығуларын
орындау, фармакологиялық заттар мен адаптогендерді пайдала-
ну арқылы қол жеткізуге болады. Мұнда жаттығу организмнің
физиологиялық қорларын қалпына келтіреді және нығайтады,
нәтижесінде олардың кеңеюіне әкеледі. 1890 жылдардың өзінде
ақ И. П. Павлов организмнің шығындалған ресурстарының тек
бастапқы деңгейге дейін қалпына келіп ғана қоймай, біршама
одан да артық болатындығын көрсеткен. Артық компенсация
феномені деп аталған бұл құбылыстың биологиялық мәні аса зор.
Суперкомпенсацияға әкелетін қайталама жаттығулар организмнің
жұмыс істеу мүмкіндіктерінің жоғарылауын қамтамасыз етеді.
Жаттығу әсерлерінің ықпалынан спортшы қалпына келу үдерісінде
күштірек, шапшаңырақ және төзімдірек бола бастайды, яғни соңғы
нәтижесінде оның физиологиялық қорлары кеңейе түседі.

    Жоғарыда келтірілген организмнің резервті мүмкіндіктерінің
(А. С. Мозжухин бойынша) жіктелуімен қатар:

    1.	Биохимиялық қорлар;
    2.	Физиологиялық қорлар;
    3.	Психологиялық қорлар деп топтау да орын алған.
    Биохимиялық қорлар. Бейімделу кезінде биохимиялық қорларды
мобилдеу мен пайдалану нәтижесінде организмнің ішкі ортасының
динамикалық тұрақтылығы сақталады. Егер организмде зат алма-
су өнімдері жинақталып қалса, гомеостазды сақтаудың гуморалдық
механизмдері іске қосылады. Осылайша биохимиялық қорлар тек
энергиялық пен пластикалық алмасуды ғана емес, сонымен бірге
негізінен жасушалық және ұлпалық деңгейлермен байланысты ор-
ганизм гомеостазын да қамтамасыз етеді.
    Психологиялық қорлар. Организмнің қызметтік қорларын
«іргетасы» биохимиялық, ал «шыңы» психологиялық қорлар бо-
лып табылатын күрделі қорлар жүйесі ретінде қарастыруға болады.
Қызметтік қорлар жүйесінің «негізі» – нейрогуморалдық реттелу
механизмдері есебінен оны біртұтас етіп біріктіретін физиологиялық
қорлар болып табылады. Жүйе түзуші факторлар организм
қызметтерінің нәтижесі немесе бейімделу нәтижесі ретінде көрінеді.
Нәтиженің болмауы жүйелі жеткіліксіз нәтиже сияқты қызметтік

           55

⇐ МАЗМҰНЫ
   50   51   52   53   54   55   56   57   58   59   60