Page 58 - indexf
P. 58

Организмнің қызметтік қорларын сандық бағалау аса қиынға
соғады. Организмнің резервті мүмкіндіктерін зерттеудің 2 жолы бар:

    1.	Бірінші жол организмге тестік жүктемелердің әсер етуі
кезіндегі мүшелер, мүшелер жүйесі және тұтас организм қызметінің
диапазонын анықтаумен байланысты;

    2.	Екінші жол гомеостаз бұзылған жағдайларда адам организмі-
нің жұмысты атқару қабілетін зерттеуге бағытталған, яғни ұйғарын-
ды (мүмкін болатын) гетеростаз деңгейі анықталады.

    Организмді кез келген функциялық тестілеу барысында
физиологиялық қорлардың тек біраз бөлігінің ғана мобилденетінді-
гін ескерсек, оның потенциалды физиологиялық қорларын
тікелей анықтау мүмкін емес. Дегенмен, нейрогуморалдық рет-
телу механизмдері есебінен физиологиялық жүйелер қызметінің
өзгерістері өзара байланысты болып келетіндіктен организм
адаптациясы қызметтік қорларын бағалау үшін жанама әдістер
қолданылады. Ол мөлшерлі және шекті дене жүктемелері кезінде
жүректің жиырылу жиілігі (ЖЖЖ), оттегіні пайдалану, гормон-
дар секрециясы, электроэнцефалограмма (ЭЭГ) және т.б. сын-
ды организмнің функциялық күйінің түрлі көрсеткіштерін тіркеу
арқылы жүргізіледі. Мұндай әдіс организмнің функциялық күйін
қалыптастырудағы сол немесе басқа да физиологиялық қорлардың
нақтылы үлесін сандық бағалауға мүмкіндік береді. Физиологиялық
қорлар барлық адаптациялық резервтер жүйелері ішінде орталық
қосалқы жүйе болып табылатындықтан, оның қызметіне басқа да
қосалқы жүйелердің жұмысы тәуелді болып келеді. Бұл тұтастай
алғанда қызметтік қорлар жүйесінің мобильдеу мүмкіндігін
бағалауға қолайлылық тудырады.

    Организмнің қызметтік қорын бағалау кезінде жүйелік тәсілдеме
кең қолданылады. Ол тест жүктемелері әсеріне жауап ретінде
туындаған организмнің жүйелік адаптивті реакциясында әртүрлі
қорлардың интеграциясын (бірігуін) сипаттауға мүмкіндік береді.
Қызметтік қорлардың интеграциясы организм бейімделгіштігінің
ерекшелігі және оның деңгейімен, сонымен бірге организмге әсер
етуші сыртқы орта факторының сипатымен анықталатындығы
дәлелденген.

           58

⇐ МАЗМҰНЫ
   53   54   55   56   57   58   59   60   61   62   63