Page 57 - indexf
P. 57

Ә) ұлпалық физиологиялық қорлар – жүйке, бұлшық ет, без және
т.б;

    Б) мүшелік физиологиялық қорлар – жүрек, өкпе, бүйрек және
т.б;

    В) жүйелік физиологиялық қорлар – жүрек-тамыр, тыныс алу,
зәр шығару және т.б;

    Г) жүйе аралық физиологиялық қорлар;
    Ғ) тұтас организмнің адаптациялық қорлары.

2. Дене сапалары бойынша:
А) күштің физиологиялық қорлары;
Ә) шапшаңдықтың (жылдамдықтың) физиологиялық қорлары;
Б) төзімділіктің физиологиялық қорлары.

    3. Орындалатын бұлшық ет жұмысының сипаты (қуаттылығы,
ұзақтығы) бойынша:

    А) максималды қуаттылықты жұмыс физиологиялық қорлары;
    Ә) максималдыға жуық қуаттылықты жұмыс физиологиялық
қорлары;
    Б) субмаксималды қуаттылықты жұмыс физиологиялық қорлары;
    В) орташа (қалыпты) қуаттылықты жұмыс физиологиялық
қорлары.
    4. Физиологиялық қорлардың мобилдену кезегі (жоғарыда толық
сипатталған болатын) бойынша:
    А) бірінші эшелон – тыныштық күйден шаршау сезімі пайда
болғанға дейінгі үйреншікті жұмысқа ауысқанда мобилденеді;
    Ә) екінші эшелон – экстремалды жағдайларда қосылады;
    Б) үшінші эшелон – өмір үшін күрес кезінде мобилденеді.

    5. Физиологиялық қорлардың арнайылығы дәрежесі бойынша:
    А) жалпы (арнайы емес) физиологиялық қорлар – сапа қызметі-
нің барлық түрлеріне ортақ жұмылдырылады;
    Ә) арнайы физиологиялық қорлар – арнайы қызмет дағдылары
арқылы мобильденеді.
    Адаптация үдерісінде организмнің резервті мүмкіндіктері
диапазонының кеңеюі орын алады және оларды мобилдеу қабілеті
жоғарылайды.

           57

⇐ МАЗМҰНЫ
   52   53   54   55   56   57   58   59   60   61   62