Page 52 - indexf
P. 52

Сонымен эндокриндік жүйенің аталған өзгерістері жоғарыда
көрсетілген бейімделу реакциясын көрсетеді.

    Егер жаттықтыру жүргізілген ортада температура жоғары болса
дене температурасы онан сайын өседі. Ауыр дене жұмысында тем-
пература 1,0-1,5°С-қа жоғарылайды. Мәселен, орта жылдамдықпен
жаяу жүргенде дене температурасы 0,5-0,6°С, ал ұзақ жүргенде не
жүгіргенде ол 39-40°С-қа дейін көтеріледі.

    Өте салқын микроклиматта жаттықтыру дене температурасының
төмендеуіне, тіпті, дененің тоңазып, жаттықтыруды жалғастыру
мүмкін болмайтын күйге әкелуі ықтимал. Адам температурасын
тыныштық күйде және жаттықтыру кезінде өлшеу арқылы, көптеген
әртүрлі орта жағдайларында бейімделуді қамтамасыз ететін
ұсыныстар енгізіледі.

    Дене жұмысы салдарынан қан жүйесінде көптеген өзгерістер
байқалады. Қанның газ тасымалдау қызметі (эритроциттер, гемогло-
бин мөлшері) артады, оның жасушаларының жаңару қарқыны үдейді,
қанның морфологиялық құрамын реттейтін жүйке орталықтарының
тонусы күшейеді. Сонымен қатар эритроциттің осмостық төзімділігі
артып, қанның тұтқырлығы көбейеді, оның оттектік сыйымдылығы
кеңейеді. Сөйтіп қан жүйесі жүктемеге сәйкес бейімделеді (Орга-
низм жүйелерінің әрбір дене жаттығуларына тән өзгерістері алдағы
тарауларда толық баяндалып отыратын болады).

    Сайып келгенде адам организмі өзінің табиғаты арқылы қарқын-
ды бұлшық ет әрекетіне бейімделеді. Динамикалық қарқынды дене
жүктемесі организмнің жүйке, жүрек-тамыр, тыныс алу жүйелеріне
қолайлы әсер етіп, қоршаған ортаның жағымсыз факторларына
төзімділікті арттырады.

Организмнің қызметтік қорлары және олардың жіктелуі

    Адам организмі – қоршаған ортаға бейімделудің көп мүмкінді-
гіне ие күрделі биологиялық-әлеуметтік жүйе.

    Организмнің физиологиялық қорлары туралы ілім спорт
физиологиясының негізін қалайтын ілімдердің бірі болып табылады.
Себебі бұл ілім спортшылар денсаулығын сақтау мен олардың шыны-
ғу дәрежесін жоғарылату міндеттерін шешуге әрі оны дұрыс бағалауға
мүмкіндік береді. Организмнің қор (резервті) мүмкіндіктері туралы

           52

⇐ МАЗМҰНЫ
   47   48   49   50   51   52   53   54   55   56   57