Page 59 - indexf
P. 59

ІІІ тарау
Дене жаттығуларының физиологиялық

          жіктелуі және сипаттамасы

    Дене жаттығулары дене тәрбиесінің білім беру, тәрбиелік және
сауықтыру міндетерін шешуге көмектесетін қимыл әрекеттері болып
табылады. Адам өзінің күнделікті өмірінде – тұрмыста, өндірісте
және дене шынықтыру сабақтары мен спорт жарыстарында болсын,
сан алуан қимыл әрекеттерін орындайды. Физиологиялық тұрғыдан
алып қарағанда жаттығу – белгілі бір мақсатқа жетуге, яғни қозғалыс
міндетін шешуге бағытталған бір-бірімен үздіксіз байланысты
қимыл әрекеттерінің жиынтығы.

    Спорттық жарыстар жаттығуларында қозғалыстар жиынтығы
максималды спорттық нәтижелерге жетуге бағытталған. Мыса-
лы, спорттық жаттығуларға биіктікке секіру, найза лақтыру, ату,
спорттық ойындар, белгілі бір арақашықтыққа жүгіру немесе жүзу,
т.с.с. жатады.

    Көптеген дене жаттығуларының, соның ішінде спорттық
жаттығулардың көптүрлілігі салдарынан оларды белгілі бір топтарға
жіктеу қажеттілігі туындайды. Физиологиялық жіктеу функциялық
сипаттамасына қарай ұқсас дене жаттығуларын топтарға біріктіруге
негізделген.

    Дене жаттығуларының организм күйіне әсері педагогикалық,
психологиялық, биохимиялық және физиологиялық факторларға
байланысты көптеген себептермен анықталады. Дене жаттығуларын
жіктеуде қозғалыстардың физиологиялық заңдылықтары ерекше
рөл атқарады.

    Жаттығуларды жіктеу координациялық құрылымына, қозғалыс-
тардың құрылу деңгейіне, орындалу әдістеріне, энергия пайдалану
деңгейіне, жұмыстың салыстырмалы қуаттылығына және дене сапа-
ларын дамытуға бағытталуына қарай жүргізіледі.

    Мұндай жүйелеудің спорттық мамандандыруда дене сапаларын
жетілдіруге бағытталған арнайы жаттығуларды іріктеуде кәсіби-
педагогикалық, қолданбалы маңызы зор.

           59

⇐ МАЗМҰНЫ
   54   55   56   57   58   59   60   61   62   63   64