Page 53 - indexf
P. 53

мағлұматтар К. Бернар, П. Бэр, У. Кеннон ілімдерімен байланысты
болып келеді. Бұл ғалымдар организмге түрлі қолайсыз жағдайлар
әсер ету кезінде өмірлік маңызды мүшелер мен жүйелердің өздерінің
қорларын пайдалана отырып, қызметтерінің күшеюі есебінен гоме-
остазды сақтауы туралы физиологиялық ілімнің негізін қалаушылар
болып табылады. Қозғалыс және вегетативтік қызметтердің жоғары
үндесуінің ішкі табиғатын ашуда У. Кеннонның аталмыш ілімінің
айтарлықтай септігі бар. Ғалым организмнің ішкі сұйық ортасының
тұрақтылығын сақтау мен эмоцияның дамуындағы симпатикалық-
адреналдық жүйенің маңызын дәлелдеген.

    Физиологиялық қор туралы ілімнің түбегейлі қағидаларын Ре-
сейде 1930 жылдары академик Л. А. Орбели жасаған болатын. Ол
адам организмі резервті мүмкіндіктерінің есебінен сыртқы ортаның
үйреншікті емес жағдайларына бейімделу мүмкіндіктері жайында
бірнеше мәрте атап көрсеткен. Кейіннен Л. А. Орбели идеялары ең
алдымен, әскери еңбек физиологиясы саласы бойынша теориялық
және қолданбалы дамуының жемісін тапты. Ал спорт физиология-
сы бойынша бұл мәселе Мәскеуде В. В. Кузнецов және Ленинградта
А. С. Мозжухин еңбектерінде қарастырыла бастады.

    Қазіргі уақытта организмнің физиологиялық қорлары эво-
люция үдерісінде қалыптасқан мүшелер, жүйелер және тұтас
организмнің салыстырмалы тыныштық күймен салыстырғанда
өздерінің қызметтері қарқындылығын бірнеше есе күшейте ала-
тын адаптациялық және компенсациялық қабілеті деп түсіндіріледі.
Анықтама авторы М. П. Брестки көзқарасы бойынша физиологиялық
қорлар белгілі бір анатомиялық-физиологиялық немесе орга-
низм құрылысы мен қызметінің ерекшеліктері, атап айтқанда,
бұзылған қызметтердің орнын алмастыра тұратын жұп мүшелердің
(талдағыштар, кейбір ішкі секреция бездері, бүйрек, құлақ, мұрын
және т.б.) болуы, жүрек қызметінің айтарлықтай күшеюі, қан
айналудың жалпы қарқындылығының артуы, өкпе вентиляциясы
және басқа да мүшелер мен жүйелер қызметтерінің күшеюі және ор-
ганизм ұлпалары мен жасушаларының олардың әртүрлі қызмет етуі
жағдайларының ішкі өзгерістері мен сыртқы орта әсерлеріне жоғары
резистенттілігі арқылы іске асырылады. Жұп мүшелердің әрқайсысы
өзінің «серіктесі» істен шығып қалған кездерде кәдімгі жағдайларда,
кей жағдайларда көрнекі (аса зор) жүктемелер кезінде де организмнің
қалыпты қызмет етуін жүзеге асырады. Бұл мүмкіндіктер эндокринді

           53

⇐ МАЗМҰНЫ
   48   49   50   51   52   53   54   55   56   57   58