Page 144 - indexf
P. 144

Қ = Қб × S × Кфиз × Кфункц × Кайм × Каек. өзг.

   Құқықтарын мемлекеттік тіркеу ағымдағы салық кезеңінің

1 қаңтарынан кейін жүргізілген, жылжымайтын мүлікке құқықтарды

тіркеу саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган осындай тіркелген

жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша белгілейтін,

Жаңадан салынған тұрғын жайлар, саяжай құрылыстары бойынша

төмендегідей тәртіппен айқындалатын құн, салық базасы болып табы-

лады:

   Мұндағы:       Қ = Қб × S × Кфункц × Кайм.

   Қ – салық салу мақсаты үшін мүлік құны,

   Қб – тұрғын жайдың, саяжай құрылысының бір шаршы метрінің
   базалық құны,

   S – тұрғын жайдың, саяжай құрылысының шаршы метрмен

   көрсетілетін пайдалы алаңы,

   Кфиз – физикалық тозу коэффициенті,
   Кфункц – функционалдық тозу коэффициенті,
   Кайм – аймаққа бөлу коэффициенті,
   Каек. өзг – айлық есептік көрсеткіштің өзгеру коэффициенті.
   Салық кодексінің 406-бабына сай, тұрғын жайдың, саяжай

құрылысының бір шаршы метрінің ұлттық валютадағы базалық құны

(Қб) елді мекеннің түріне қарай мынадай мөлшерде айқындалады:

   1-кесте. Елді мекендер бойынша базалық құн көрсеткіштері

№  Елді мекеннің  Базалық       Елді мекеннің санаты         Базалық
       санаты        құн,                                       құн,

                  теңгемен                                   теңгемен

1 Алматы          60 000 11 Петропавл                        36 000

2 Астана          60 000 12 Талдықорған                      36 000

3 Ақтау           36 000 13 Тараз                            36 000

4 Ақтөбе          36 000 14 Орал                             36 000

5 Атырау          36 000 15 Өскемен                          36 000

6 Қарағанды       36 000 16 Шымкент                          36 000

7 Қызылорда       36 000    17  Облыстық маңызы бар          12 000
                                қалалар

8 Көкшетау        36 000    18  Аудандық маңызы бар          6 000
                                қалалар

9 Қостанай        36 000 19 Кенттер                          4200

10 Павлодар       36 000 20 Ауылдар                          2 700

                                144

⇐ МАЗМҰНЫ
   139   140   141   142   143   144   145   146   147   148   149