Page 157 - indexf
P. 157

6-есеп
    Нақты жағдайларда пайдаланылған әдістер негізінде есептелінген
түзетулер бір – біріне ұқсас объектілердің бағасына енгізіледі. Түзету
енгізудің негізгі мақсаты бұл салыстырылатын әрбір объектіні
бағаланатын объектіге келтіру болып табылады. Мұнда, бағаланатын
объектіге қарағанда, салыстырылатын әрбір объектінің құнына әсер
ететін ұқсас емес сипаттамаларына мән беріледі.
    Бір-біріне ұқсас объектілердің сатылу бағасына түзетулер енгізудің
негізгі ережелері:
    Түзетулерді енгізу салыстыру объектісінен бағалау объектісіне
қарай жүргізіледі.
    1.	 Егер салыстырылатын объект бағаланатын объектіден нашар

         болса, түзетулер оң (+) болады, ал жақсырақ болса, түзетулер
         теріс (–) болады.
    2.	 Түзетулер таңдап алынған өлшем бірліктері бойынша
         жүргізіледі.
    Мысалы:
    –– бос жерлерді бағалау барысында салыстыру өлшемі ретінде
         жер телімі (сотка), гектар, 1 метр (тұтасымен метр), 1 метр2,
         лот (топтама) бағасы және тығыздық өлшемінің бағасы;
    –– жерге объектілер салынған болса – ғимараттың жалпы көлемінің
         1 м2-нің бағасы, жалға берілетін объектінің 1 м2, құрылыстың
         1 м2 бағасы, 1 м3, жылжымайтын мүліктің бір өлшеміне, яғни
         үй, бөлме, табыс әкелетін жылжымайтын мүліктің бір өлшеміне
         (отырғызытын орын мөлшері және т.б.).
    Түзетулер енгізу үшін келесі әдістерді қолданады:
    ●● жалпы жиынтық әдісі – түзетулер бағаланатын объектінің
         және оған ұқсас объектінің айырмашылықтарын сипаттайды,
         түзетулер ақшалай сома ретінде енгізіледі.
    ●● аддитивті пайыздық ауытқулар әдісі – түзетулер пайыз
         түрінде қосындыланады және уақыт бойынша келтірілген баға
         жиынтығы.
    ●● мультипликативті пайыздық ауытқулар әдісі – пайыз түрінде
         берілген түзетулер факторлар арасындағы байланысты ескереді,
         яғни 100%-дан аз болса түзетулер теріс, ал 100%-дан артық бол-
         са түзетулер оң болады.
    ●● аралас әдісте түзетулер және аддитивтік ауытқулар ақшалай
         сома ретінде пайдаланылады және мультипликативті ауытқулар
         пайыз түрінде қолданылады

           157

⇐ МАЗМҰНЫ
   152   153   154   155   156   157   158   159   160   161   162