Page 201 - indexf
P. 201

лары, елдiмекендердiң бас жоспарлары, нақты жоспарлау жо-
         балары, өнеркәсiп аймақтарын жоспарлау жобалары, құрылыс
         салу жобалары, объектiлер мен кешендердiң бас жоспарлары,
         абаттандыру және көгалдандыру жобалары, өзге де жоспарлау
         жобалары) тұратын жобаларды;
    √√ құрылыс жобасын (құрылыстық жобаны) – көлемдiк-
         жоспарлық, конструкциялық, технологиялық, инженерлiк,
         табиғат қорғау, экономикалық және өзге де шешiмдердi
         қамтитын жобалау (жобалау-смета) құжаттамасын, сондай-ақ
         құрылысты ұйымдастыру мен жүргiзуге, аумақты инженерлiк
         жағынан дайындауға, абаттандыруға арналған сметалық
         есептеулердi қамтиды. Құрылыс жобаларына аяқталмаған
         объектiлер құрылысын консервациялау және өз ресурсын
         тауысқан объектiлердi кейiннен кәдеге жарату жобалары да жа-
         тады;
    √√ сәулеттiк түпкi ойы бар сәулет жобасын – жобалауға сәулетшiнiң
         қатысуы қажет болатын ғимарат (монумент) тұрғызудың жеке
         жобасын немесе объектiнiң сәулет-көркемдiк, композициялық
         және көлемдiк-жоспарлау шешiмдерiн қамтитын, әлеуметтiк,
         экономикалық, функционалдық, технологиялық, инженерлiк-
         техникалық, өртке қарсы, жарылысқа қарсы, санитарлық-
         гигиеналық, экологиялық және өзге де талаптарды ескеретiн
         және құрылыс жобасын немесе құрылыс объектiсiне арналған
         өзге де құжаттаманы әзiрлеу үшiн қажеттi көлемде орындалған
         жобалау (жобалау-смета) құжаттамасының бiр бөлiгiн қамтиды;
    Жобалардың мемлекетаралық сараптамасы – объектiнiң
құрылысы туралы халықаралық шартқа қатысушы екi және одан да
көп мемлекеттiң мүддесiн бiлдiретiн жобаларды сараптаудың мiндеттi
нысаны;
    Жобалардың мемлекеттік сараптамасы – Қазақстан Республи-
касы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған шаруашылық жүргізу
құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын жүзеге асыра-
тын құрылыс жобаларын (жобалау алдындағы немесе жобалау-смета
құжаттамасын) міндетті түрде кешенді бағалау;
    Жобалар сараптамасы – тапсырысшының (инвестордың) жо-
баны инвестициялаудың орындылығы, оны бекіту және iске асыру
туралы шешiм қабылдауының алдындағы жобалаудан бұрынғы не-
месе жобалау құжаттамасын әзiрлеу кезеңi. Сараптама инвестиция-
лар құжаттамасына талдау жүргiзуге және оның тиiмдiлiгiн, жоба-
ларда көрсетілген жұмыстардың көлемі мен қаржы шығындарының

           201

⇐ МАЗМҰНЫ
   196   197   198   199   200   201   202   203   204   205   206